Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ҚазАвтоЖол «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2 жыл мерзімге уақытша айналма жол үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 1,2 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мамлют ауданының әкімі Е. Степаненко