Талдау анықтамасы
2026 жылдың I тоқсанында Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтердің барлығы www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан негізді шағымдар тіркелген жоқ.
Халықтың мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында Басқарма ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері туралы ақпараттық буклеттер (А4 форматында), сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлық көріністерінен өзіңізді қалай қорғауға болады» тақырыбындағы жадынамалар тұрақты түрде таратылып келеді.
Сонымен қатар, Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, олардың көрсетілу тәртібі, ашықтығы мен сапасы жөнінде халық арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы өзекті ақпарат Басқарма ғимаратындағы ақпараттық стендтерде және оның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.