Ауданның кітапхана жүйесі туралы
Сарыағаш ауданында барлығы 36 кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық орталық балалар кітапханасы және 34 ауылдық кітапхана бар. Кітапхана жүйесінде 99,5 штат бірлігі қарастырылған. Қызметкерлердің жалпы саны – 99 адам, оның ішінде 71-і шығармашылық қызметкер, 28-і техникалық қызметкер. 2026 жылдың 9 айындағы мәлімет бойынша кітапханалардың жалпы кітап қоры 394 308 дананы құрайды.Оқырмандар саны – 24 346, келушілер саны – 240 410, кітап берілімі – 451 110 дана. Есепті кезеңде кітапхана қорына 2 365 жаңа кітап түскен. Оның ішінде 1 415 данасы мемлекеттік тапсырыс арқылы, 1277 данасы жергілікті бюджет есебінен алынған.
Аудан кітапханаларында оқырмандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 62 компьютер орнатылған. Оның 37-сі ауылдық кітапханаларда орналасқан. Жалпы 28 кітапхана интернет желісіне қосылған.
Кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытындағы жұмыстар
2026 жылдың 9 айында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша барлығы 335 мәдени-танымдық және әдеби іс-шара өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында кітапхана саласына қатысты 21 мақала жарияланды. Іс-шаралар аясында «Бір ел – бір кітап», «100 кітап», «Өлкеміздің тұғырлы тұлғасы», «Түркістанның таңдаулы туындысы» сияқты жобалар жүзеге асырылуда.Атап айтқанда, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы насихатталып, оқырмандармен танымдық кездесулер ұйымдастырылды. «100 кітап» жобасы бойынша қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларын әлеуметтік желілер арқылы таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ұлттық кітап күні, Абай күні, Халықаралық отбасы күні және басқа да атаулы күндерге орай әдеби кештер, кітап көрмелері, зияткерлік сайыстар, оқырман кездесулері мен кітап фестивальдері өткізілді.
«Кітапоқитынұлт»республикалықжобасыныңжүзегеасырылуы
Сарыағашауданында«Кітапоқитынұлт»республикалықжобасыніскеасырумақсатында2026–2027жылдарғаарналған20іс-шарадантұратынаудандықжоспарәзірленіп,бекітілген.2026 жылғы 2 қарашадағы мәліметке сәйкес, аудан бойынша жобаға тіркелген қатысушылар саны 5 615 адамды құрайды. Қатысушылар тарапынан «Біз кітаптарды оқыдық» айдары бойынша 2 149 жазбаша пікір ұсынылып, оның 1 971-і модерациядан өтіп, мақұлданған. Жоба аясында білім беру ұйымдарында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, отбасылық оқу дәстүрін дамыту, мемлекеттік қызметшілердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітапханалардың жұмысын жандандыру және ақпараттық насихат жұмыстарын күшейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.