Келісімнің қабылдану тарихы
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Оған сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Одақ елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақтаған еңбек өтілі үшін ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындайды.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.