Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы(бұдан әрі–Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген)сәйкесАстана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының аумағында автодүкендер түріндегі стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысыныңжобасын дайындады.
Басқарманың ресми интернет-ресурсында қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында орналастырылады.