Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2026 жылдың 28 маусымдағы Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайөтес ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1136 сайлаушы енгізілді, олардың 580-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 5, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны- 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мухамеденова Айсауле Карасаевна - 31, Мырзағалиев Айбар Сәбитұлы - 47, Турашев Дастан Меделбайулы - 498.
Сайөтес ауылдық округінің әкімі болып Турашев Дастан Меделбайулы сайланды, 1998 жылы туған, «Өрлеу» МКҚК, директордың міндетін атқарушы. Сайөтес ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.