Қазақстан Республикасының Жер кодексіне "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қашары руда" акционерлік қоғамы аумағында орналасқан, ауданы 1,54 гектар және 2.55 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану (жария сервитут) құқығын белгілесін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мәскеу ауылдық округі инженерлік желілерді (Қашар кентінің сарқынды су коллекторы) пайдалану және салу үшін).
2. "Қашары руда" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәскеу ауылдық округінің әкіміА. Муканов