Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (әрі қарай – Басқарма) қызметтеріне 2025 жылдың 28 мамыры мен 2026 жылдың 1 мамыры жұмыс кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама Лицензиялаужәне аттестаттау бөлімінің басшысы – А.Мұратов;бас маман-есепші - А.Ақылбаева жасақталды:
Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасыныңқызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Талдау анықтамасы бойыншанормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар бары анықталды:
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы бойынша 315-бап Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу . Осы көрсетілген бапта әкімшілік жаза бөлімінде әкімшілікке тартушы маманға таңдау беріліп тұр (ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады). Әкімшілік жаза жасаған тұлғаға ескерте алады немесе санаты бойынша әкімшілік айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолдану бойынша алгоритмде жасақталмаған.
Ұсыным: ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне көрсетілген мәселе бойынша осы негізде қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы бойынша,Лицензиялау нормаларын бұзу464-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік жаза бөлігінде (лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Көрсетілген нормалар өндіріп алу түрін таңдаудың нақты критерийлері болмаған кезде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасау мүмкін деп пайымдаймыз.
Ұсыным: ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне көрсетілген мәселе бойынша осы негізде қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.
Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасыныңұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) Басқарманың жалпы штат саны 10 бірлік.
Басқарма басшысы 2026 жылдын 22 маусымнан бастап – Р.Капанов атқаруда.
Лицензиялаужәне аттестаттау бөлімінде үш бірлік, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда және 2 бас маман.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінде 5 бірлік, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда және бөлімде штат бойынша 4 бірлік бас маман қызмет етеді.
Басқарманың бас маман – бас есепшісі 2017 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 22 маусымы жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша 5(бес) мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2026 жылдың 22 маусым жағдайы бойынша;
- Іздестіру қызметіне лицензия беру -33 лицензияланды;
- Жобалау қызметіне лицензия беру -36 лицензияланды;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру – 159 лицензияланды;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау– 88 аттестатталды;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу –8 аккредиттелді.
Басқармамен барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда, толықтай автоматтандырылған.
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру –басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды.
5) бақылау функцияларын іске асыру –басқармада бақылау функциялары атап айтқанда;
- салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
- жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
- техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
- объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асырады.
Аталған бақылау функцияларын талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
2026 жылы Басқармамен 19 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 19 нұсқама берілді, 77 әкімшілік іс қозғалды.
Әкімшілік өндіріс қозғау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
6) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ҚР-ның Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Жолданымдардың басым бөлігі сәулет-құрылыс құқықтық қатынастар туралы мәселелер қаралады.
7 ) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері –басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері –прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) сот актілері – басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Қорытынды:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде және басқа да мәселелер бойынша 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Ұсыныстар
1). ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне көрсетілген мәселе бойынша осы негізде қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.
2). ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне көрсетілген мәселе бойынша осы негізде қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.