«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданының Жаңадария ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалсын.
2. Жалағаш ауданының Жаңадария ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жариялансын.
Жалағаш аудандық сайлаукомиссиясының төрағасы Ш. Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлаукомиссиясының хатшысы Д. Қожақұлова
Жалағаш кенті
11 қараша 2026 жыл
АСК-24/216