2026 жылғы 30 қазан№5
Жаңақала ауылы
Сайлау комиссиясы мүшесінің
міндеттерін уақытша тоқтату
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағын басшылыққа ала отырып,№ 11 Мәстексай сайлау округінің комиссия мүшесі Е.Д.Сапашев пен сайлауға кандидат ретінде тіркелген Ж.М.Абуова арасындағы тікелей бағыныстылық қатынасына байланысты және № 6 Қисыққамыс сайлау округінекандидат ретінде тіркелген №127 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ж.Ж.Гумаровты ескере отырып сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің заңдылығын, бейтараптығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала аудандық мәслихат депутаттарын сайлауы бойыншаЖ.М.Абуовакандидат болып 2026 жылдың 30 қазанында тіркелуіне байланысты тікелей бағыныстылық қатынасын ескере отырып,№ 11 Мәстексай сайлау округінің комиссия мүшесі Е.Д.Сапашев және № 6 Қисыққамыс сайлау округіне кандидат ретінде тіркелген №127 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ж.Ж.Гумаровміндеттерін орындауы 2026 жылдың 30 қазанынан бастап сайлау науқаны кезеңіне уақытша тоқтатылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі тиісті сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету комиссия төрағасының орынбасары Е.Б.Еслямовқа жүктелсін.
Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағы жәнеөтініштері.
Комиссия төрағасыА.Каресов
Комиссия хатшысыД.Мукашева