Алданбаудың амалдары

    Қазалы ауданының әкімдігі

    Бүгінгі күні өмірімізді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ал олардың өндірушілері күн сайын жаңаларын жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон алу – көптеген адамдардың арманы, тіпті кейбіреулер ол үшін банктен несие алуға дайын. Ал сол телефон сынып қалса өте өкінішті.

    Ал бұл ретте тұтынушылар аталған келенсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды.

    Мұның бәрі тұтынушылар көбіне сауда жасаған кезде сатып алынған растайтын құжаттардың алмауынан болады. Чектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз - өзіне проблема тауып алады. Чекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден чек – бұл сіз телефонда дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет.

    Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті чек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай.

    «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сондай-ақ, тұтынушы басқа ұйым жүргізетін телефонды жөндеуге ақша төлеуді немесе ақаулы телефонның құнын қайтаруды талап ете алады. Бірақ осылардың біреуін тандауы қажет. Сонымен қатар, телефонның ақаулы екенін және де сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеу керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады.

    Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

    ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30,71- 15-69.Инстаграмм: dzppkyzylordaФейсбук: ДзппКызылорда

    Жүктеу
    c20e98a50754511964531a472f0e84c8c813e7726d5fc48dacbd526dab71e08d_original.17387.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда облысы Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың сайлау жарнасын енгізуге арналған депозиттік шоттарының деректемелері

    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округәкіміне кандидат«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкесең төмен жалақын...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаны пайдаланушылар назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгітжүргізу б...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    1. Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 11 қараша (113-1-б. 1-т. 1) т.) 2. Әкім сайлауы жөніндегі тиісті сайлау о...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазалы ауданының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелеріне жалдау құқықтарын сату жөніндегі конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жеке тұлғаларға жер учаскесін жалдау құқығын

    № Лот № Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз аты-жөні Жер учаскесінің торналасқан орны Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің көлемі, гектар Жер учаскесінің пайдалану мерзімі Жер учаскесіне құқық беру хаттамасы 1...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ЖОБАЛАРЫН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазалы ауданыныңқоғамдық дамубөлімі 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды. Жария талқылау Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША 2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ЖОСПАРЛАНҒАН ТАҚЫРЫПТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары № Жабаның тақырыбы Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге) Ақпарат көзі көрсетітілген негіздеме Күтілетін нәтиже 1 2027 жылға арналған «Қазалы ауданы к...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазалы ауданы әкімінің 2026 жылғы халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ

    Қазалы ауданы әкімінің 2026 жылғы халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ І жартыжылдық 01.06.2026 (дүйсенбі) 03.06.2026 (сәрсенбі) 04.06.2026 (бейсенбі) 05.06.2026 (жұма) 08.06.2026 (дүйсенбі) 10.06.2026 (сәрсенбі)...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды: