Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 8 қарашада Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 5284 азамат енгізілді, олардың 2925-і дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бақыт Елнұр Сакенұлы – 160; Қонысұлы Абылайхан – 199; Тоқтамысов Асылхан Битасұлы – 2454; «Барлығына қарсы» – 47.
1985 жылы туылған, Боралдай ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Бәйдібек ауданы, Теректі ауылының тұрғыны, «ӘДІЛЕТ» партиясынан ұсынылған Тоқтамысов Асылхан Битасұлы Боралдай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы