Ерейментау ауданында барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулері қорытындыланды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында ағымдағы жылдың қазан айында Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің Ерейментау қаласы, ауылдар мен ауылдық округтердің тұрғындарымен тұрақты кездесулері өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы өңірдің 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және таяу перспективке арналған жоспарлары болды.
Өткізілген кездесулердің негізгі көрсеткіштері:
Ауқымы:орталық, шағын ауылдарда және Ерейментау қаласының шағын аудандарында 50 тұрақты кездесу жоспарланып, өткізілді.
Халықтың белсенділігі:талқылауға 1722 адам қатысты (1091 азамат офлайн форматта және 631-і онлайн режимде). Ашық микрофон барысында 19 адам сөз сөйледі.
Жеке қабылдау:әрбір кездесудің алдында және одан кейін басшылар азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, оның шеңберінде12адам қабылданды.
Ашық диалог барысында аудан басшылығының, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкімдерінің атына сын-ескертпелер түскен жоқ. Тұрғындар жоғары азаматтық белсенділік танытып, 21 сындарлы ұсыныс білдірді. Өтініштердің көпшілігі инфрақұрылым мәселелеріне: автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге, елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға, су құбыры желілерін жөндеуге, абаттандыруға, санитарлық тазартуға, экологияға және жер қатынастарына қатысты болды.
Мәселелерді шешу және орындаушылық тәртіп
Барлық 21 ұсыныс бейінді ведомстволармен егжей-тегжейлі қаралды. Бүгінгі таңда ең өзекті 9 инфрақұрылымдық мәселе қатаң бақылауға алынды, ал оларды қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып белгіленді. Ерейментау қаласында келесі жедел жұмыстар басталып, аяқталу сатысында тұр:
1.Казахскаякөшесіндегі бетон автобус аялдамасын тазалау.
2.Мұқатов көшесі, 99 үй мекенжайындағы тұрғын үй ауданында су бұру арығын қазу.
3.№3 орта мектеп жанындағы аялдама айналасындағы алаңды тегістеу және абаттандыру.
4.М. Жадайұлы көшесіндегі ( 10-үйден 20-үйге дейінгі учаскеде) жол төсемін толтырып себу, сондай-ақ аталған жол жиегін топырақтан және инертті материалдар қалдықтарынан тазарту.
5.Автомобилистер ( 12А үйдің ауданында), Деповская ( трасса жағынан), Бекболат ақын ( Лесхоз жағынан) көшелеріне, сондай-ақ №1 орта мектеп жанындағы Абылайхан және А. Құнанбаев көшелерінің арасындағы кварталаралық жолға қиыршық тас себу және жол жұмыстарын жүргізу.
Аудан басшылығының халықпен кезекті тұрақты кездесулер циклі 2027 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдарға бақылауға алынған барлық міндеттемелердің жүз пайыз әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тапсырмалардың орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілетін болады, ал жұмыс барысы туралы ақпарат тоқсан сайын әкімдіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде халыққа ыңғайлы форматтарда, соның ішінде бейнеесептер арқылы жаңартылып тұрады.
Ерейментау ауданының әкімдігі тұрғындарға сындарлы диалог пен өңіріміздегі өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіреді.
Ерейментау ауданының әкімі Н. Мұқатов