«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта [email protected] (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданың әкімінің аппараты» КММ ЖД, АҚ және АҚ жөніндегі бас инспекторы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 305232 теңгеден 350615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аудан әкімінің азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және аумақтық
қорғаныс саласындағы тапсырмаларын орындайды. Азаматтық қорғау және
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласының көрсеткіштері бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағын дамыту Бағдарламасын" іске асыру бойынша жедел есептілікті дайындайды.
006 "Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою" бюджеттік бағдарламасы, 007 "Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктерін жоспарлауға қатысады. "Ерекше кезеңде", соғыс уақытында және соғыс жағдайы жарияланған кезде мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады. Соғыс уақыты мен соғыс жағдайыжарияланған кезеңде техниканы қабылдау пунктінің бастығы болып табылады. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау мәселелері бойынша аудандық ведомстволардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін үйлестіреді. Жұмылдыру органының функцияларын орындайды және аудан аумағында жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның тұрақты мүшесі, ауданның эвакуациялық комиссиясының мүшесі. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау саласына Талдау және мониторинг жүргізеді. Эвакуациялау жоспарын дайындау, аудан әкімі аппаратының
қызметкерлерін нұсқаулықпен таныстыру бөлігінде аудан әкімдігі ғимаратындағы өрт қауіпсіздігіне жауапты болады. Қажет болған жағдайда өрт сөндіруді ұйымдастыру, қысқы кезеңде, су тасқыны кезеңінде, мұз қату кезеңінде, өрт қауіпті кезеңде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру үшін Қызылжар ауданының аумағына шығуды жүзеге асырады. Іс-шараларды бақылауды және орындауды, ықтимал залалды қауіпсіз өту және азайту үшін жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады: аудан аумағындағы су тасқыны кезеңінде, аудан аумағындағы өрт қауіпті кезеңде, мұз қату кезеңінде, қысқы кезеңде, шомылу маусымы кезеңінде. Жеке сектордағы өрттердің алдын алу,
ықтимал залалды азайту жөніндегі жұмысты талдауды жүзеге асырады және
ұйымдастырады. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау саласы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен құжаттарының уақтылы өтуін және қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Құпиялылық режимінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғару оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану); ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (құқық қорғау қызмет және/немесе өрт қауіпсіздігі және/немесе әскери іс) салаларында.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі;
Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе [email protected] электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2023 жылғы «__» ақпандағы
№__ бұйрығына 2-қосымша
Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені _________________________________________________________
____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б» |
_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
___________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | |
Туылған күні және жері/ | |
Ұлты/Национальность (по желанию) | |
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ | |
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/ | |
Шет тiлдерiн бiлуi/ | |
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии) | |
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) | |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/ | |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) | |
ЕҢБЕК ЖОЛЫ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ | ||
Күні/Дата қабылданған/ приема |
Күні/Дата босатылған/ увольнения |
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение организации қабыл- данған/приемабосатылған/ увольнения |
Кандидаттың қолы/ Подпись кандидата _______________ күні/дата_________ | ||
Блогы "А"