Дайын тағамды жеткізу кезіндегі қауіпсіздік және тағамнан уланудың алдын алу жолдары

    Рудный қаласының әкімдігі

    «Дайын тағамды жеткізу кезіндегі қауіпсіздік және тағамнан уланудың алдын алу жолдары»

    Қазіргі уақытта дайын тағамға тапсырыс беру және оны жеткізу күнделікті өміріміздің үйреншікті бөлігіне айналды. Біз тағамды үйге, кеңсеге немесе отбасылық іс-шараларға тапсырыс береміз. Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Алайда дайын тағамның қауіпсіздігі тек оның сапалы әзірленуіне ғана емес, сонымен қатар сақтау, тасымалдау және жеткізу кезінде санитариялық талаптардың сақталуына да байланысты екенін ұмытпау маңызды.Әрбір қоғамдық тамақтану объектісі тек сапалы әрі қауіпсіз азық-түлік өнімдерін пайдалануға міндетті. Бұзылу, ластану белгілері бар, жағымсыз иіс шығатын немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімдерден тағам дайындауға жол берілмейді. Барлық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары, сондай-ақ жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары көрсетілген таңбаламасы болуы тиіс.Дайын тағамдарды сақтау мен тасымалдауға ерекше назар аударылады. Тез бұзылатын өнімдер үшін белгіленген температуралық режим сақталуы қажет. Тағам ластанудан қорғайтын және оның сапасын сақтауға мүмкіндік беретін таза, тығыз жабылған қаптамада жеткізілуі тиіс. Ластану қаупін болдырмау үшін тасымалдау кезінде дайын тағамдар шикі өнімдермен жанаспауы керек. Мысалы, дайын тағамдармен бірге шикі тауық еті немесе басқа шикі ет тасымалданса, олардың қаптамасынан сальмонелла, кампилобактериялар және ауру тудыратын ішек таяқшасы сияқты қауіпті бактериялары бар сөл ағып кетуі мүмкін. Бұл сөл дайын тағамға тисе, оны денсаулыққа қауіпті етіп, тағамнан улануға әкелуі ықтимал. Сондықтан дайын тағамдар шикі өнімдерден бөлек тасымалдануы тиіс.Сонымен қатар әрбір дайындалған тағамның әзірленген және берілген күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелуі қажет. Бұл өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету және талап бұзылған жағдайда жедел шаралар қабылдау үшін қажет.Құрметті тұрғындар! Тапсырысты алғаннан кейін тағамды бірден жеуге асықпаңыздар. Қаптаманың бүтіндігіне, тазалығына, зақымданбағанына және бөгде иістердің жоқтығына назар аударыңыздар. Егер қаптама ашылған немесе бүлінген болса, не тағамның сыртқы түрі немесе иісі күмән тудырса, оны тұтынудан бас тартқан дұрыс.Сондай-ақ дайын тағамды бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмауға кеңес береміз. Егер тағамды бірден жеуді жоспарламасаңыз, оны тоңазытқышқа қойып, сақтау мерзімдерін сақтаңыз. Бұл әсіресе жаз мезгілінде маңызды, өйткені жоғары температура ауру тудыратын микроорганизмдердің тез көбеюіне ықпал етіп, тағамнан улану қаупін арттырады.Дайын тағамға тек санитариялық талаптарды сақтайтын және өз беделін бағалайтын, сенімді қоғамдық тамақтану орындарынан тапсырыс беріңіздер. Мүмкіндігінше түбіртекті немесе тапсырыстың электрондық растамасын сақтаңыздар. Өнімнің сапасына қатысты мәселе туындаса, бұл тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.Естеріңізде болсын, қоғамдық тамақтану объектілерінің санитариялық талаптарды сақтауы және тұтынушылардың сатып алатын өнімдерінің сапасына мұқият қарауы — тағамнан уланудың алдын алудың маңызды шаралары.Алынған тапсырысты тексеруге жұмсалған бірнеше минут өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектесуі мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 4550501 - ГУ "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного Бюджеттік бағдарламар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезен 2026 - 2028 жылдарға. 6-қосымша

    455010.pdf

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 4550501 - ГУ "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного Бюджеттік бағдарламар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезен 2026 - 2028 жылдарға. 5-қосымша

    455032.pdf

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 4550501 - ГУ "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного Бюджеттік бағдарламар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезен 2026 - 2028 жылдарға. 4-қосымша

    455007.pdf

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 4550501 - ГУ "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного Бюджеттік бағдарламар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезен 2026 - 2028 жылдарға. 3-қосымша

    455006.pdf

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 4550501 - ГУ "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного Бюджеттік бағдарламар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезен 2026 - 2028 жылдарға. 2-қосымша

    455003.pdf

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 4550501 - ГУ "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного" Бюджеттік бағдарламар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезен 2026 - 2028 жылдарға. 1-қосымша

    455001.pdf

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Рудный қаласының учаскелік сайлау комиссияларының хабарламасы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларын Рудный қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша д...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кейтеринг туралы нені білумаңызды: қауіпсізтамақтандыруқызметінқалайтаңдау керек?

    «Кейтеринг туралыненібілумаңызды: қауіпсізтамақтандыруқызметінқалайтаңдау керек?» Қазіргіуақытта кейтеринг қызметікеңінентанымалболыпкеледі. Бұл – кафе, мейрамханажәнеасханалардантысжерлерде, атапайтқанда, үйленутойларын...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды: