Санитариялық-қорғаныш аймағы: тұрғындар мен кәсіпкерлер нені білуі керек?
Бүгін санитариялық-қорғаныш аймағы туралы айтып бергім келеді: ол не, не үшін қажет және нысандарды салу, реконструкциялау және пайдалану кезінде кәсіпкерлер нені білуі тиіс?Санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларда белгіленген.Ең басты сұрақтан бастайық. Санитариялық-қорғаныш аймағы дегеніміз не?Санитариялық-қорғаныш аймағы (СҚА) – қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін нысанды тұрғын үй құрылыстарынан және адамдар тұрақты болатын басқа аумақтардан бөліп тұратын аумақ.Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – нысаннан шығатын атмосфералық ауаға таралатын шығарындылар, шу, діріл және басқа да факторлар халыққа қауіп төндірмеуі үшін қажет аумақ.
Бұл қандай нысандарға қатысты?Бұған өнеркәсіп кәсіпорындары, өндірістік нысандар, жекелеген коммуналдық және ауыл шаруашылығы нысандары, қоймалар, сондай-ақ қызметі атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуымен, шумен, дірілмен немесе басқа да әсер ету факторларымен байланысты нысандар жатады.Енді санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдеріне тоқталайық.Санитариялық қағидаларда нысандардың қауіптілігінің бес сыныбы көзделген:
1-сыныптағы нысандарүшін – 1000 метр жәнеоданкөп;
2-сынып үшін – 500 метрден 999 метргедейін;
3-сынып үшін – 300 метрден 499 метргедейін;
4-сынып үшін – 100 метрден 299 метргедейін;
5-сынып үшін – 50 метрден 99 метргедейін.
Алайданақтыөлшемді тек осы сандарғасүйеніп, өзбетіншеанықтауғаболмайды. Алдыменқызметтіңқайсыныпқажәненысанныңқайтүрінежататынынанықтауқажет. Санитариялыққағидалардыңқосымшасындаәртүрліөндірістер мен нысандарүшін СҚА-ныңтиістіөлшемдерібелгіленген.Сондай-ақ СҚА мен санитариялық алшақтық бір ұғым емес екенін атап өткен жөн. Кейбірнысандарүшінсанитариялыққағидалардасанитариялықалшақтық, яғнитұрғынүйқұрылыстары мен адамдарболатынбасқааумақтарғадейінгіең аз қашықтықбелгіленеді. Мысалы, бұлтехникалыққарап-тексерустанцияларына, гараждарға, автожууорындарынажәнекейбірбасқанысандарғақатысты.2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген өзгерістерге жеке тоқталғым келеді.Енді жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған нысандар үшін СҚА өлшемдері санитариялық қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, СҚА белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлеу арқылы белгіленетіні тікелей көзделген.Егер нақты нысан 1-қосымшада болмаса, СҚА өлшемі жобалау құжаттамасының негізінде есептеу әдісімен айқындалады. Ондаатмосфералықауадағыластаушызаттардыңтаралуынажәнефизикалықфакторларғақатыстықажеттіесептеулерқарастырылады.
Бұл кәсіпкер үшін нені білдіреді?Біріншіден, нысаныңыздың қай түрге және қауіптіліктің қай сыныбына жататынын анықтау;
Екіншіден, СҚА белгілеу жобасын әзірлеу;Үшіншіден, осы нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;Төртіншіден, нысанды пайдалану кезінде белгіленген СҚА талаптарын сақтау.Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап СҚА шекараларының координаттарын жергілікті атқарушы органға беру тәртібі белгіленді. Бұл шекаралардың картада көрсетіліп, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ескерілуі үшін қажет.Енді тұрғындар нені білуі керектігіне тоқталайық.СҚА шекараларында тұрғын үйлерді және бірқатар басқа нысандарды орналастыруға шектеулер қойылған.Сондықтан жер учаскесін сатып алмас немесе құрылыс бастамас бұрын оның жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның СҚА шекарасында орналаспағанын тексеру қажет.Ал, тұрғын нақты бір мәселеге тап болса, не істеуі керек?Мысалы, тұрғын үйлердің жанында орналасқан кәсіпорыннан үнемі өткір иіс шығып, шаң, шу немесе басқа да жағымсыз әсер байқалады делік.Мұндай жағдайда тұрғын бізге жүгіне алады немесе «Е-Өтініш» жүйесі арқылы өтініш жолдай алады.Өтініште нысанның мекенжайын, белгілі болса атауын көрсетіп, мәселені нақты сипаттау, әсердің байқалған күнін, уақытын және қайталану жиілігін жазу қажет.Көрсетілген мән-жайларды растау және тексеру жүргізу мәселесін шешу үшін фотосуреттерді, бейнежазбаларды, құжаттарды және қолда бар басқа дәлелдемелерді қоса тіркеу қажет.Қазір сіздерде «Шуды, иісті, дірілді немесе шаңды фотоға не бейнеге түсіру мүмкін болмаса, оны қалай дәлелдеуге болады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Иә, шынында да, әрбірфакторды фото немесебейнеарқылытіркеумүмкінемес. Мұндайжағдайдаөтініштеоныңқайжерде, қашанжәнеқаншалықтыжиібайқалатынынегжей-тегжейлікөрсету керек. Ал басқарастайтынматериалдарболса, олардықосатіркеуқажет. Бұлөтініштібағалауғажәнетексеружүргізумәселесіншешугемүмкіндікбереді.Азаматтың өтініш беруі тексерудің автоматты түрде тағайындалатынын білдірмейді. Одан кейінгі іс-әрекеттер заңнамаға және нақты өтініштің мән-жайларына сәйкес айқындалады.Яғни мамандарымыз жоспардан тыс тексеруге шығуы үшін алдымен тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу үшін құқықтық статистика органдарына жіберу қажет.Ол жердеҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындакөзделгеннегіздердің бар-жоғытексеріледі. Егернегіздерболсажәнебарлығызаңталаптарынасәйкескелсе, құқықтық статистика органдарытексерудітіркейді. Тек соданкейінғанамамандарымызтексеругешығаалады.
Кәсіпкерлерге ерекше атап өткім келеді:Егер сіз құрылыс салуды, реконструкциялауды, өндірісті кеңейтуді немесе технологиялық процесті өзгертуді жоспарласаңыз, СҚА мәселесін жобалау сатысында, нысанды пайдалануға бергенге дейін шешу қажет.Жобаны әзірлеп, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алыңыз және белгіленген СҚА талаптарын сақтаңыз.Ең бастысы:СҚА – жай ғана формалдылық немесе кәсіпорын мен тұрғын үй арасындағы қашықтық емес. Бұл – халықтың денсаулығын нысандардың әсерінен қорғаудың нақты тетігі.Біздің ортақ міндетіміз – өңіріміздің дамуына, кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне жағдай жасай отырып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын басты басымдық ретінде сақтау.