"Мерейлі отбасы-2026" қорытындысы

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    «Мерейлі отбасы - 2026» конкурсының аудандық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті.

    Отбасы - қоғамның берік тірегі, ұлттық құндылықтардың бастауы. Осы орайда, «Мерейлі отбасы -2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне қатысқан отбасыларға құрмет көрсетілді.

    Биылғы байқауға ауданымыздан 4 отбасы қатысты. Әр отбасы -өзіндік тарихы, өмірлік ұстанымы, жетістіктері мен өнегесі бар ерекше шаңырақ.

    Қатысушылар қатарында көпбалалы, ұрпақ тәрбиесін басты орынға қойған, сондай-ақ медицина, білім беру, кәсіпкерлік салаларының дамуына үлес қосып жүрген еңбекқор отбасылар болды.

    Ауданымыздың абыройын облыстық кезеңде қорғайтын отбасы - Кенащы ауылдық округінен Нұрмағанбетовтер отбасы.

    Нұрмағанбетовтер отбасы - қоғамдық өмірге белсенді араласатын, білім мен тәрбиені жоғары бағалайтын, өңіріміздегі өнегелі әрі үлгілі әулеттердің бірі.

    Бұл отбасы еңбексүйгіштігімен, білімге құштарлығымен және жоғары әлеуметтік жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ұрпақ тәрбиесінде еңбек пен білімді ұштастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді.

    «Мерейлі отбасы - 2026» конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпазы - Садыковтар отбасы.

    Садыковтар отбасы - өзара сыйластықты, жауапкершілікті, адал еңбекті және адамгершілік қағидаларды берік ұстанып келе жатқан өнегелі жанұя.

    Бұл шаңырақ - татулығы мен берекесі жарасқан, толыққанды отбасының жарқын үлгісі. Отбасы мүшелері өз еңбегімен қоғам дамуына үлес қосып, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өмір салтын қалыптастырған.

    Балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, білімге, еңбекке және қоғамдық жауапкершілікке жоғары мән береді. Ата-ананың өнегелі тәрбиесі мен қолдауының арқасында балалары білімді, мәдениетті, ізденімпаз болып өсіп келеді.

    Барлық қатысушы отбасыларға алғыс білдіреміз!

    Нұрмағанбетовтер және Садыковтар отбасына облыстық кезеңде сәттілік, жеңіс тілейміз!