«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 6 қарашадағы №199 хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қармақшы ауданының №121 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Жолмаханова Нуржамал Бахытовна тағайындалсын.
- Қармақшы ауданының №122 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Роман Даулет Болатулы тағайындалсын.
- Осы қаулы Қармақшы аудандық мәслихатына, №121, №122 учаскелік сайлау комиссияларына, жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.
|
Жосалы кенті
6 қараша 2026 жыл
№АСК-26/270