ВАКАНТТЫҚ ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі кәсіпорынның бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік).

    КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ:

    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

    КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ:

    Жуалы ауданының халқына медициналық көмек көрсету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шараларды ұйымдастыру.

    ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ:

    Пошта индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 үй.

    Анықтама телефоны: 8 (72635) 2-21-49, ұялы телефон: 8 (775) 873-95-95.

    Электрондық пошта:jualy_zrb@bk.ru

    КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

    ·Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

    ·Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

    ·Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

    ·Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, сондай-ақ өзі тарапынан және оған бағынысты тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

    ·Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбек уәжін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

    ·Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына кері әсер ететін басым факторларды айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдайды.

    ·Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың өткізілуін, санитариялық қағидалар мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуын, зертханалық бақылауды ұйымдастырады.

    ·Медициналық әдеп талаптарының, ұйым қызметіндегі заңдылықтың, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде сақталуын қамтамасыз етеді.

    ·Жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер жасайды. Өз құзыреті шегінде барлық жұмыскерлер үшін орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

    ·Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның атынан өкілдік етеді. Медициналық әдептің, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның есептілікті уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді.

    КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ БІЛУІ ТИІС

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; басқарудың экономикалық әдістерін және ұйым қызметін талдауды; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудың үздік тәжірибелерін; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерін және денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды; төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды білуі тиіс.

    КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

    ·«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);

    ·немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    ·денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

    ·денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

    Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін: тиісті бейін бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатындағы дәрігерге қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуы.

    КОНКУРС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

    Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

    Конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

    ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕКЕНЖАЙЫ:

    Қазақстан Республикасы, индекс 080300, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 үй.

    Анықтама телефоны: 8 (72635) 2-21-49, ұялы телефон: 8 (775) 873-95-95.

    Электрондық пошта:jualy_zrb@bk.ru

    КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН КАНДИДАТТАР КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУЫ ҚАЖЕТ:

    1.Конкурсқа қатысу туралы өтінім.

    2.Еркін нысанда жазылған өмірбаян.

    3.Білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

    4.Еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер не еңбек өтілін растайтын басқа құжат.

    5.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген №075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

    6.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдарды) ұсына алады.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурс жариялаған кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін электрондық түрде ұсынады.

    Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат әңгімелесуге жіберілмейді.

    КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Байқау кеңесі белгілейді. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға конкурс өткізу күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады.

    КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ:

    Қазақстан Республикасы, индекс 080300, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 үй.

    Анықтама телефоны: 8 (72635) 2-21-49. Электрондық пошта:jualy_zrb@bk.ru

    Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді кәсіпорынның Байқау кеңесі өткізеді.

    Әңгімелесу екі кезеңнен тұрады: 1) кәсіпорынды дамыту бойынша таныстырылым; 2) кандидаттың құзыреттерін бағалау.

    Кәсіпорынды дамыту бойынша таныстырылым барысында кандидат кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдау жасап, оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын ұсынады.

    Құзыреттерді бағалау кезінде кандидаттың негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу шаралары туралы білім деңгейі айқындалады.

    Жүктеу
    126eaf6426a02afa9e262dbdb0bc09ac6c4c0d7487011e0f53bb412ea1b5d246_original.49200.docx
    DOCX · 48 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайл...

    Хабарландыру

    Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

    Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы х...

    Хабарландыру

    09.10.2026 жылғы Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері лауазымына жарияланған хабарландыруды жарамсыз деп танылсын

    09.10.2026 жылғы Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері лауазымына жарияланған хабарландыруды жарамсыз деп танылсын

    Хабарландыру

    Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

    Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы х...

    Хабарландыру

    "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологиялық анатомия бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

    "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологиялық анатомия бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарл...