1.Тергеп –тексеру негізі:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізіндеКР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес2026 жылдыңқыркүйекайында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 30.10.2026 жылғы № 75 актісі, 29.10.2026 жылғы №2260001029383432тамақ өнімдерініңүлгілерін зерттеу хаттамасы негізінде ««Станичное» сусыны, ультрапастерленген, м.с.ү. 3,2%» түйіршектелген қара шәй.» өніміндесәйкессіздік анықталды.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :
Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
02.11.2026 ж. - 30.11.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
«Рустем» ЖК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп тексеру барысында «Рустем» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : «Рустем» ЖК
- Қабылданған шаралар :
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05.11.2026жылғы № 131 қаулысы берілді.