АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Көкшетау қаласы                 2026 жылғы 30 маусым

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Басқарма басшысының 2026 жылғы 1 маусымдағы № 412 бұйрығы негізінде жүргізілді, аталған бұйрықпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді.

    Талдау жүргізу мерзімі – 2026 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін, талданатын кезең – 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    1.Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды айқындау.

    2.Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

    1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау;

    2) мүдделер қақтығысын реттеу;

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

    4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

    5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

    6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

    7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

    8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

    9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мынадай құжаттар мен мәліметтер пайдаланылды:

    1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттар (Ереже, Ұжымдық шарт, Еңбекақы төлеу туралы ереже, Қызметтік іссапарлар туралы ереже және басқалары);

    2) сыртқы және ішкі тексерулердің нәтижелері;

    3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға рұқсат етілген өзге де мәліметтер.

    Ішкі талдау барысында Басқарма өз қызметін жүзеге асыруда басшылыққа алатын негізгі заңнамалық актілер Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет, Еңбек, Азаматтық кодекстері, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік құқықтық актілер болып табылатыны анықталды.

    Осы аналитикалық анықтамада мыналар қамтылған:

    1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат;

    2) оларды барынша азайту жөніндегі ұсынымдар және жауапты орындаушылар.

    1). Басқарма қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін нормаларды айқындау.

    Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ туралы ережеге, сондай-ақ Басқарманың ішкі нормативтік құжаттарына (бұйрықтар, нұсқаулықтар, регламенттер және т.б.) сәйкес жүзеге асырады.

    Талдау барысында Басқарма мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар зерделенді. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелер анықталған жоқ.

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:Басқарманың қызметінде көрсетілген бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    1.қабылданатын ішкі (жергілікті) актілерді оларды іске асыру барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтималдығы тұрғысынан тұрақты негізде талдау жүргізу.

    2). Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

    1). Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау.

    2025 жылға арналған Басқарманың штат саны 34 бірлікті құрады.

    Кадрлардың ауысуы: 11 қызметкер жұмыстан босатылды, 12 қызметкер жұмысқа қабылданды.

    Жұмыстан босатудың себептері қызметкерлердің өз еркімен жұмыстан шығуына байланысты. Теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ. 14 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері, сондай-ақ қызметкерлер тарапынан қылмыстық және әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау фактілері анықталған жоқ.

    Қолданыстағы алынбаған тәртіптік жазалары бар қызметкерлерді көтермелеуге жол берілмейді.

    Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау фактілері анықталды (тәртіптік жазалар қолданылғанына 3 айдан астам уақыт өткен) – 14 тәртіптік жазаның 12-сі немесе 86%. Қызметкерлерге қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының өтінішхаттары негізінде жүзеге асырылды.

    Бұл ретте, қызметкерлерге қолданылған тәртіптік жазаларды қысқа мерзім ішінде мерзімінен бұрын алып тастау фактілері жоқ.

    Талданып отырған кезеңде 7 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту ұйымдастырылды. Басқармада кадрларды іріктеу кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында персоналды басқару, оның ішінде персоналды іріктеу және ротациялау мәселелерін реттейтін ішкі құжаттар бекітілген.

    Кандидаттарды бастапқы іріктеу кезінде келіп түскен барлық түйіндемелер кандидаттардың лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талданады. Одан кейін кандидат кәсіби білімін тексеру, құрылымдық бөлімше басшысымен әңгімелесу және құрылымдалған әңгімелесу кезеңдерінен өтеді.

    Адами ресурстарды басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу процестері ұйымдастырылған.

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:Басқарманың қызметінде көрсетілген бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    1.Басқармаға жұмысқа орналасуға үміткер кандидаттармен әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды әзірлеу;

    2.Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың дербес деректерін өңдеуге келісімін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелерін алу.

    2). Мүдделер қақтығысын реттеу.

    Жақын туыстарының (ата-аналарының (ата-анасының), балаларының, асырап алушыларының (қамқоршыларының), асырап алынған (қамқорлыққа алынған) балаларының, туған және туысқандығы толық емес аға-інілері мен апа-сіңлілерінің, аталарының, әжелерінің, немерелерінің) немесе жұбайының (зайыбының) тікелей бағыныстылығындағы бос лауазымдарға орналасу кезінде үлестестік фактілері анықталған жоқ.

    Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің Басқарма басшылығымен үлестестігі анықталған жоқ.

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында лауазымды адамдарға (басшы, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары) белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

    Ағымдағы кезеңде кадрлық шешімдер қабылдауға және кадр мәселелеріне қатысты шағымдар түскен жоқ.

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:Басқарманың қызметінде көрсетілген бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    1.Басқармада мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру;

    2.Басқарма басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы құжаттарын (Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы) жаңартып, оларды жеке істеріне тіркеу.

    3). Мемлекеттік қызметтер көрсету – Басқарма туралы ережеде мемлекеттік қызметтер көрсету көзделмеген.

    4). Рұқсат беру функцияларын іске асыру – Басқарма туралы ережеде рұқсат беру функциялары көзделмеген.

    5). Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру – Басқарма туралы ережеде бақылау-тексеру функциялары көзделмеген.

    6). Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу.

    Қаржы-экономикалық қызмет

    Лауазымдық айлықақыларды белгілеу және еңбекақы төлеу қорын айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 654 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

    Материалдық ресурстарға қажеттілік өндірістік жоспарлар негізінде айқындалады. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы құрылымдық бөлімшелер ұсынған баламалы коммерциялық ұсыныстардың ең төменгі бағасы негізінде есептеледі.

    Бухгалтерлік қызмет

    Қызметкерлерге жалақы және өзге де ақшалай төлемдерді төлеу мерзімдерді бұзбай жүзеге асырылады, есептеу және аудару рәсімдері ашық жүргізіледі. Әрбір қызметкер бойынша ай сайын есеп айырысу парақтары қалыптастырылып, қолдарына беріледі.

    Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша өнім берушілермен есеп айырысу мемлекеттік сатып алу веб-порталында бекітілген орындалған жұмыстар актілеріне және төлем жасауға ұсынылған электрондық шот-фактураларға сәйкес жүргізіледі.

    Кассалық және есеп айырысу операцияларының есебі «Банк-Клиент» жүйесі арқылы есептеу әдісімен жүргізіледі. Жылдық, тоқсандық және айлық статистикалық және салықтық есептіліктер электрондық түрде тапсырылады. Есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзу фактілеріне жол берілмеген.

    Есепті кезеңде мүлікті ұрлау және бүлдіру фактілері орын алған жоқ.

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:Басқарма қызметінің аталған бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    1) Іске асыру барысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін анықтау мақсатында қабылданатын ішкі (жергілікті) актілерге тұрақты негізде талдау жүргізу;

    2) Басқарманың экономика, жоспарлау және қаржы бөлімінің басшысы қаржы-экономикалық тәртіптің сақталуын тұрақты негізде қатаң бақылауда ұстауы қажет.

    7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    Мемлекеттік сатып алу

    Бөлім өз жұмысында мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға арналған медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаражаты есебінен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

    Басқармада мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағына сәйкес Басқарма басшысы бекіткен мемлекеттік сатып алудың жоспары негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша ай сайын ерекшеліктер бөлінісінде үнемделген қаражат көлемі айқындалып, ұсынылған өтінімдер немесе қызметтік жазбалар негізінде Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер немесе толықтырулар енгізіледі.

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес айқындалады. Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізілетін сатып алуларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу жүйесінің сапасын арттыру мақсатында Басқармада Қағидаларға сәйкес мемлекеттік сатып алудың егжей-тегжейлі процесін реттейтін құжатталған рәсім енгізілген.

    Аталған тәртіпті әзірлеудің мақсаты – сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ өтінім берушілер мен материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің арасындағы өзара іс-қимылдың дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады.

    Сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мынадай шаралар қабылданады:

    1) Қаржы жылына мемлекеттік сатып алудың жылдық (алдын ала) жоспары бекітіледі және заңнамада белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

    2) Сатып алуды жүзеге асыру үшін өтінім берушілер Басқарма басшысы бекіткен өтінімді, сондай-ақ қажетті сатып алудың техникалық ерекшелігін бөлімге ұсынады.

    3) Ашық конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде Басқарма басшысының бұйрығымен бекітілетін комиссия құрылады. Сатып алудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өтінім берушілер комиссия құрамына енгізіледі. Комиссияның әрбір мүшесі мемлекеттік сатып алу веб-порталына қол жеткізу үшін электрондық кілт рәсімдейді. Әрбір комиссия мүшесі үшін мемлекеттік сатып алу бөлімі электрондық құжаттамаға қол жеткізу деңгейін айқындайды. Конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде комиссия хатшысы (мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман) комиссия мүшелеріне сатып алуды қарау мерзімдері туралы хабарлайды және мерзімдердің бұзылуына жол бермеуді бақылайды.

    Мемлекеттік сатып алу бөлімінің мамандары шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуына тұрақты бақылау жүргізеді, мерзімдер бұзылған жағдайда айыппұл санкцияларын есептейді, сондай-ақ өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы заң бөліміне қызметтік жазбалар дайындайды.

    Сатып алу рәсімдерінің өткізілуін бақылау материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысына жүктелген.

    ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу.

    Сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 112 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға арналған медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаражаты есебінен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    2025 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша жалпы сомасы 211 968 626,10 теңгеге барлығы 14 сатып алу рәсімі өткізілді, оның ішінде:

    баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 2 041 200,0 теңге сомасына 1 рәсім;

    тендер өткізу тәсілімен – 209 927 426,0 теңге сомасына 13 рәсім.

    Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сатып алу

    Сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    Оның ішінде:

    - Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – жалпы сомасы 10 928,9 мың теңгеге 8 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    «Бондаренко» ЖК – целиакия диагнозы бар балаларға арналған өнімдерді сатып алу: глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз күріш ұны – 175,9 мың теңге;

    «Актобе Shop 4x4» – 12 айдан бастап балаларға арналған гипоаллергенді құрғақ сүт қоспасы NAN Expert Pro 3 – 416,6 мың теңге;

    Ситикова Э.Ф. ЖК – целиакия диагнозы бар балаларға арналған өнімдерді сатып алу: глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз құмшекерлі печенье – 533,2 мың теңге;

    Бешимов ЖК – глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз нан қытырлақтары және вермишель – 155,2 мың теңге;

    «ЦентрАзияНутришинал» ЖШС – глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз сұлы үлпектері және пиццаға арналған негіз – 140,4 мың теңге;

    «ЦентрАзияНутришинал» ЖШС – глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз, ақуызы төмен әмбебап ұн қоспасы – 709,6 мың теңге;

    «Ранимед» ЖШС – «Муковисцидоз», «Буллезді эпидермолиз» аурулары бар балаларға арналған мамандандырылған тамақтану өнімдері – 8 798,8 мың теңге.

    - Баға ұсыныстарын сұрату және ашық конкурс тәсілдерімен өткізілген, өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен – жалпы сомасы 6 421,0 мың теңгеге 5 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    «Reunion Concept» ЖШС – PediaSure Малоежка (ПедиаШур) мамандандырылған тамақтану өнімі, әрқайсысы 200 мл болатын ыдыстарда – 505,6 мың теңге;

    «ЦентрАзияНутришинал» ЖШС – глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз макарон өнімдері – 452,4 мың теңге;

    «ЦентрАзияНутришинал» ЖШС – глютенсіз, сүтсіз, жұмыртқасыз спагетти – 194,0 мың теңге;

    «Фармалаб» ЖШС – «Nestle Clinutren Resource JUNIOR 400 грамм» мамандандырылған тамақтану өнімі – 489,7 мың теңге;

    «MEDICUS-M» ЖШС – «СМОФКабивен центральный» препараты, үш камералы пластик контейнердегі инфузияға арналған эмульсия, көлемі 986 мл, № 4 – 4 779,3 мың теңге.

    - Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – жалпы сомасы 174 735,0 мың теңгеге 3 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК – 133 217,0 мың теңге;

    «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – 39 789,8 мың теңге;

    Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК – 1 728,2 мың теңге.

    - Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сатып алу – 2 қызмет бойынша:

    «Туберкулез ауруының алдын алу және сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі «ИГІЛІК» қоғамдық қоры» – туберкулездің алдын алу және онымен күресу жөніндегі іс-шараларды іске асыру қызметі – 23 471,1 мың теңге;

    «Болашақ мұра» ҚҚ – инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар (ИЕТА) арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды көрсету және халықтың негізгі топтары (МСМ) арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды көрсету – 16 470,0 мың теңге.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін орталықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 27 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстың бірыңғай ұйымдастырушысы – «Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ жүзеге асырады.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2025 жылы конкурс тәсілімен өткізілетін барлық сатып алулар облыстың бірыңғай ұйымдастырушысына берілді.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-на 57 970,0 мың теңге сомасына өтінім жолданды.

    Бұдан басқа, есепті кезеңде аппарат бойынша жалпы сомасы 57 071,1 мың теңгеге 50 мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілді, оның ішінде:

    – конкурс тәсілімен жалпы сомасы 21 027,0 мың теңгеге 2 рәсім өткізілді:

    «ALLUR AUTO TURAN» ЖШС – Астана қаласындағы «JAC Sunray» маркалы 28 автокөлікке (лизингтік автокөліктер) кепілдік мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер – 14 235,6 мың теңге;

    «Автоцентр NORD MMC» ЖШС – Көкшетау қаласындағы «JAC Sunray» маркалы 22 автокөлікке (лизингтік автокөліктер) кепілдік мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер – 6 791,4 мың теңге.

    - Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – жалпы сомасы 174 735,0 мың теңгеге 3 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК – 133 217,0 мың теңге;

    - «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – 39 789,8 мың теңге;

    - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК – 1 728,2 мың теңге.

    - Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сатып алу – 2 қызмет:

    1. «ИГІЛІК» туберкулез ауруының алдын алу және сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі қоғамдық қоры – туберкулездің алдын алу және онымен күресу жөніндегі іс-шараларды іске асыру қызметі – 23 471,1 мың теңге;

    2. «Болашақ мұра» ҚҚ – инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар (ИЕТА) арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды және халықтың негізгі топтары (МСМ) арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қызметтері – 16 470,0 мың теңге.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін орталықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 27 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстың бірыңғай ұйымдастырушысы – «Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ жүзеге асырады.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2025 жылы конкурс тәсілімен өткізілетін барлық сатып алулар облыстың бірыңғай ұйымдастырушысына берілді.

    Бірыңғай ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-на 57 970,0 мың теңге сомасына өтінім жолданды.

    Бұдан басқа, есепті кезеңде Басқарма аппараты бойынша жалпы сомасы 57 071,1 мың теңгеге 50 мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілді, оның ішінде:

    – Конкурс тәсілімен жалпы сомасы 21 027,0 мың теңгеге 2 рәсім өткізілді:

    - «ALLUR AUTO TURAN» ЖШС – Астана қаласындағы «JAC Sunray» маркалы 28 автокөлікке (лизингтік автокөліктер) кепілдік мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсету – 14 235,6 мың теңге;

    - «Автоцентр NORD MMC» ЖШС – Көкшетау қаласындағы «JAC Sunray» маркалы 22 автокөлікке (лизингтік автокөліктер) кепілдік мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсету – 6 791,4 мың теңге.

    – Рамалық келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі: жалпы сомасы 2 669,3 мың теңгеге 2 рәсім өткізілді:

    - «Қазақтелеком» АҚ – телефон байланысы қызметтері – 1 624,1 мың теңге;

    - «Қазақтелеком» АҚ – Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері – 1 045,2 мың теңге.

    – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жалпы сомасы 7 023,2 мың теңгеге 17 рәсім өткізілді.

    «Көкшетау эталон» – техникалық байқаудан өткізу қызметі – 11,4 мың теңге;

    FAVORIT MOTORS ЖК – шиномонтаж қызметтері – 81,3 мың теңге;

    МУХАМБЕТОВА ЖК – кеңсе тауарлары – 488,6 мың теңге;

    «Гелиос» ЖШС – АИ-92 маркалы бензин – 2 290,0 мың теңге;

    IT Service – картридждерді толтыру қызметі – 416,0 мың теңге;

    «Ақтөбе облысының мүгедектерді қолдау орталығы» ҚБ – Басқарма аппаратының автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу қызметтері – 1 706,8 мың теңге;

    «Полиграфист-Кокше» ҚБ – қатаң есептілік бланкілерін дайындау қызметтері – 55,0 мың теңге;

    Алина ЖК – кеңсе тауарлары – 6,7 мың теңге;

    «Қазақстан мүгедектерін оңалту» ҚБ – алғыс хаттарды дайындау қызметтері – 179,0 мың теңге;

    Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» КММ – құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметтері – 550,0 мың теңге;

    «Тәуелсіз бағалау-заң орталығы» ЖШС – жылжымалы мүліктің нарықтық құнын бағалау қызметтері – 642,5 мың теңге;

    grup.kzXANULAN ЖК – шиналар – 86,0 мың теңге;

    «КосДинКом» ЖШС – шиналар – 73,9 мың теңге;

    Кенжетаева ЖК – шиналар – 109,4 мың теңге;

    «КосДинКом» ЖШС – шиналар – 130,6 мың теңге;БАЙЗАКОВ О.А. ЖК – аккумулятор – 32,0 мың теңге;

    КАБЫЛОВА З.Б. ЖК – Астана қаласындағы «JAC Sunray» маркалы 28 автокөлікті техникалық байқаудан өткізу қызметтері – 164,0 мың теңге.

    - Баға ұсыныстарын сұрату және ашық конкурс тәсілдерімен өткізілген, өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен – жалпы сомасы 24 138,1 мың теңгеге 19 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК – заңдар дерекқоры – 148,2 мың теңге;

    «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы – пошта байланысы қызметтері – 130,0 мың теңге;

    FAVORIT MOTORS ЖК – автокөліктерді жуу қызметтері – 267,8 мың теңге;

    «Бумажный дом» ЖК – А4 қағазы – 398,7 мың теңге;

    «ТАРАЗ ШУАҚ» МКБ – кеңсе тауарлары – 49,4 мың теңге;

    Алина ЖК – кеңсе тауарлары – 2,6 мың теңге;

    «СофтМастер-ПЛЮС» ЖШС – мемлекеттік секторға арналған «Fundo ақпараттық-талдамалық панелі» кешенді шешіміне қол жеткізу қызметтері – 240,0 мың теңге;

    «СофтМастер-ПЛЮС» ЖШС – мемлекеттік секторға арналған «Fundo ақпараттық-талдамалық панелі» кешенді шешімін әкімшілендіру және сүйемелдеу қызметтері – 632,0 мың теңге;

    «Қазақмыс» СК» АҚ – автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қызметтері – 75,7 мың теңге;

    МУХАМБЕТОВА ЖК – кеңсе тауарлары – 8,0 мың теңге;

    Бағланов ЖК – Zoom платформасына қол жеткізу қызметтері – 88,0 мың теңге;

    «PetroRetail» ЖШС – АИ-92 маркалы бензин – 1 581,9 мың теңге;

    «Alchin» ЖК – GPS-мониторинг жүйесі арқылы автокөлік құралдарын бақылау қызметтері – 136,0 мың теңге;

    МОЛДАЖАНОВ ЖК – паспорт-маңдайша және кабинет тақтайшасын дайындау – 72,8 мың теңге;

    «Көкшетау эталон» – Көкшетау қаласындағы «JAC Sunray» маркалы 22 автокөлікті техникалық байқаудан өткізу қызметтері – 154,0 мың теңге;

    FAVORIT MOTORS ЖК – автокөліктерді жуу қызметтері – 70,0 мың теңге;

    «Қазақтелеком» АҚ – телефон байланысы қызметтері – 360,0 мың теңге;

    «СофтМастер-ПЛЮС» ЖШС – мемлекеттік секторға арналған «Fundo ақпараттық-талдамалық панелі» кешенді шешімін әкімшілендіру және сүйемелдеу қызметтері – 158,0 мың теңге;

    «Basel» сақтандыру компаниясы» АҚ – лизингке алынған кепілге қойылған автокөліктерді КАСКО ерікті сақтандыру қызметтері – 19 565,0 мың теңге.

    - Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – жалпы сомасы 2 045,3 мың теңгеге 5 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    «Парус-КАЗ» ЖШС – «Парус-КАЗ.Бюджет» бағдарламалық өнімін (бюджеттік қаржыландыру) сүйемелдеу қызметтері – 1 557,9 мың теңге;

    «Зерде» оқу орталығы» ЖШС – қызметкерлерді оқыту қызметтері – 268,8 мың теңге;

    BOLASHAK халықаралық академиясы – біліктілікті арттыру қызметтері – 70,0 мың теңге;

    Қазақстан Республикасы ҰҚК «Алмас» РМК – арнайы баспа өнімдерін дайындау жұмыстары – 28,6 мың теңге;

    «Қазпошта» АҚ «РССПС» филиалы – арнайы байланыс қызметтері – 120,0 мың теңге.

    - Электрондық дүкен арқылы – жалпы сомасы 243,9 мың теңгеге 5 рәсім өткізілді, оның ішінде:

    «Сотирис» ЖШС – ЭЦҚ электрондық кілті (Kaztoken) – 57,1 мың теңге;

    «Техно Комп» ЖШС – компьютер тінтуірі – 8,6 мың теңге;

    Жексенбайқызы ЖК – маркерлік тақта – 62,1 мың теңге;

    «АлАйКо» ЖШС – қатқыл диск – 89,3 мың теңге;

    «АлАйКо» ЖШС – картридждер – 26,8 мың теңге.

    Медициналық техниканы сатып алу:

    Сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға арналған медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаражаты есебінен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    2025 жылы жалпы сомасы 6 168 923,8 мың теңгеге 385 бірлік медициналық техника сатып алынды.

    Оның ішінде құны 20,0 млн теңгеден асатын медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу шеңберінде, ұйымдастырушысы «СК-Фармация» ЖШС болып табылатын сатып алу бойынша жалпы сомасы 4 928 568,8 мың теңгеге 39 бірлік медициналық техника сатып алынды.

    Құны 20,0 млн теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алу шеңберінде, ұйымдастырушылары медициналық ұйымдар болып табылатын сатып алу бойынша жалпы сомасы 1 240 355,0 мың теңгеге 346 бірлік медициналық техника сатып алынды.

    Осыған байланысты, Басқарма медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырмайды. Сатып алуды ұйымдастыру функциялары белгіленген құзыреті шегінде «СК-Фармация» ЖШС мен медициналық ұйымдарға жүктелген.

    Материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жөніндегі процестер ұйымдастырылған.

    Басқарманың материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бөлімнің ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескеретінін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жүргізетінін көрсетті.

    Мемлекеттік сатып алу бөліміндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сатып алу процесінің барлық кезеңдерінде орын алуы мүмкін түрлі бұзушылықтар мен теріс пайдалануларға байланысты туындайды. Ең көп таралған тәуекелдерге конкурстық өтінімдерді негізсіз қабылдамау, қосымша талаптар белгілеу, есептеулерді дұрыс жүргізбеу және сатып алу рәсімдерін өткізу тәртібін бұзу жатады.

    Ұсынымдар:

    1) Басқарма Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қатаң басшылыққа алуы қажет;

    2) Іске асыру барысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін анықтау мақсатында қабылданатын ішкі (жергілікті) актілерге тұрақты негізде талдау жүргізу;

    3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар функцияларды жою және барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау.

    8). Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Басқармада пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар.

    Басқарма ақпараттық жүйелерді әзірлеумен айналыспайды, тек сыртқы электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланады.

    Мемлекеттік құпияны құрамайтын, алайда оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен не олардың меншік иесі немесе иеленушісі тарапынан шектелген мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

    Медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) және ұйым порталдарына кіруге арналған логиндерді ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер қызметкерлерге қызметкердің жеке деректері (ЖСН, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) көрсетілген ресми хат негізінде береді.

    Екі факторлы қорғау қолданылады. Жүйеге кіру логин мен пароль, бір реттік SMS-код, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Қызметкерлер өздерінің жеке логині мен паролін жария етпеу және басқа тұлғаларға бермеу жөніндегі міндеттемемен таныстырылған.

    Логин 30 күнтізбелік күн ішінде пайдаланылмаған жағдайда автоматты түрде бұғатталады.

    Логин мен пароль қатарынан 3 реттен артық қате енгізілген жағдайда, логин автоматты түрде бұғатталады. Бұғаттан шығару үшін ұйымның ресми хаты қажет.

    Басқармада пайдаланылатын ақпараттық ресурстар:

    - Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ);

    - Деректер базасы қызметтерді жеткізушінің тарапында сақталады. Сондай-ақ деректер базасының тұтастығы мен медициналық ақпараттық жүйелердің (МАЖ) жұмыс істеуіне байланысты барлық тәуекелдер үшін «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС жауапты болады.

    1. Бірыңғай денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің порталдары: Госпитализация бюросы (ГБ), Ресурстарды басқару жүйесі – 2 (РБЖ 2), Бірыңғай кадр жүйесі (БКЖ), Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ), Тіркелген халық тіркелімі (ТХТ), Дәрілік заттармен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (ДҚЕАЖ), Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе (БФАЖ), Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП).

    2. Деректер базасы қызметтерді жеткізушінің тарапында сақталады. Сондай-ақ деректер базасының тұтастығы мен порталдың жұмыс істеуіне байланысты барлық тәуекелдер үшін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы (РЭДСО) жауапты болады.

    3. Ұйымда «1С бухгалтерия» бағдарламасы пайдаланылады.

    Деректер базасы ұйымның аумағында орналасқан серверде сақталады. Деректер базасының тұтастығы мен жұмыс істеуіне қызмет көрсететін ұйым жауапты болады.

    Қызметтік немесе кәсіби қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректермен танысқан тұлғалар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұлғалар:

    Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы заңдарында, заңға тәуелді актілерінде және өзге де құқықтық нормаларында қорғалатын қызметтік және/немесе өзге де құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерге (АЖ) қатысу барысында өздеріне мәлім болған немесе мәлім болатын ақпаратты жария етпеуге;

    ақпараттық жүйелерде (АЖ) жұмыс істеу барысында алынған (қабылданған) материалдарда (шешімдерде) қамтылған ақпаратты жария етпеуге. Жұмыс барысында алынған ақпарат, материалдар, құжаттар мен презентациялар құпия сипаттағы мәліметтер болып табылады;

    үшінші тұлғаларға құпия сипаттағы мәліметтерді бермеуге және жария етпеуге, өзара іс-қимыл жасайтын заңды және жеке тұлғалардың құпия сипаттағы мәліметтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

    ақпараттық жүйелердің тұтастығының, қолжетімділігінің және құпиялылығының бұзылуына әкеп соғатын рұқсатсыз әрекеттерді (өзгерту, жою және т.б.) жасамауға міндетті.

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:Басқарма қызметінің көрсетілген бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    Басқарма ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет;

    қабылданатын ішкі (жергілікті) актілерді оларды іске асыру барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан тұрақты негізде талдау жүргізу;

    сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды жою және барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау.

    9). Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    2025 жылы Басқармаға келіп түскен және қаралған өтініштердің жалпы саны – 3 174.

    Оның ішінде:

    1.Пошта арқылы – 40;

    2.Қолма-қол тапсырылған – 331;

    3.«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы – 2 803.

    Түрлері бойынша:

    1.Арыздар – 2 482;

    2.Шағымдар – 325;

    3.Ұсыныстар – 63;

    4.Өзге де өтініштер (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) – 304.

    Өтініштерді қарау нәтижелері:

    1.Қанағаттандырылған – 3 174;

    2.Қанағаттандырылмаған – 0.

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:Басқарма қызметінің көрсетілген бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    1.Басқарма осы бағыттағы қызметінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын қатаң басшылыққа алуы қажет;

    2.келіп түсетін өтініштер бойынша ұқсас фактілерге тұрақты негізде талдау жүргізу;

    3.сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды жою және барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау.

    Қорытынды ұсынымдар:

    2026 жылғы 1 маусымдағы №412 бұйрықпен бекітілген жұмыс тобы мүшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша:

    ·қабылданатын ішкі (жергілікті) актілерді оларды іске асыру барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан тұрақты негізде талдау жүргізу;

    ·сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды жою және барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

    Мемлекеттік сатып алу бөліміндегі ықтимал (мүмкін) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сатып алу процесінің барлық кезеңдерінде орын алуы мүмкін түрлі бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылықтарға байланысты туындайды. Ең көп таралған тәуекелдерге конкурстық өтінімдерді негізсіз қабылдамау, қосымша талаптар белгілеу, есептеулерді дұрыс жүргізбеу және сатып алу рәсімдерін өткізу тәртібін бұзу жатады.

    Қорытынды бөлім.

    Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1.Талдау анықтамасын қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Басқарма басшылығына енгізу.

    2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін Басқарманың интернет-ресурсында орналастыру.

    3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы және консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында жария талқылауға шығару.

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА
    DOCX · 61 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Ақмола облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2026-2035 жылдарға арналған өңірлік перспективалық жоспары

    Постановление РПП 2026 каз.docx РПП Акмолинская_2026_каз.xlsx