Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі

    Айыртау ауданының әкімдігі

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі

    Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидат ұсынылған жағдайда:

    1. Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну туралы шешімі көрсетілген хаттамасынан үзінді көшірме;
      1. Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) кандидат ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме;
      2. Азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;
    2. Кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
    3. Кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
    4. Саяси партияның партиялық билетінің көшірмесі немесе кандидатты ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын, уәкілетті тұлға қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған құжат.

    Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда:

    1. Азаматтың тиісті сайлау округі бойынша кандидат болып сайлауға түсу ниеті туралы өтініші;
      1. Кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
      2. Кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

    Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі

    1. Саяси партия өкіліне берілген сенімхат;
    2. Саяси партия өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
    3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы шешімі көрсетілген хаттамасынан үзінді көшірме;
    4. Партиялық тізім (электрондық түрде (Excel форматында) және қағаз жеткізгіште);
    5. Азаматтың партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтініші;
    6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
    7. Партиялық тізімге енгізілген әрбір азаматтың жеке куәлігінің көшірмесі;
    8. Саяси партияның партиялық билетінің көшірмесі немесе партиялық тізімді ұсынған саяси партияға адамның мүшелігін растайтын, уәкілетті тұлға қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған құжат.

    Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу

    Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптардың сақталуы және құжаттардың толық топтамасының ұсынылуы тексерілгеннен кейін жүзеге асырылады.

    Тиісті сайлау комиссиясына қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

    • Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғанын растайтын мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
    • Кандидаттың немесе саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

    Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін өз қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын аударады.

    Сайлау жарнасының мөлшері — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бес еселенген сомасы( 425 000 теңге).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 01 қарашасына Айыртау ауданы бюджетінің атқарылуы

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    SailauSkoBot

    https://t.me/SailauSkoBot

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар

    Аймақ коды Аудан/қалаатауықазақтілінде Сall-орталықтың телефоны Телеграм бот Солтүстік Қазақстан облысы 1948 Петропавлқаласы 109 https://t.me/SailauSkoBot 1948 Петропавлқаласы 87152320204 1948 Айыртауауданы 87153322183 1...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 30 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Айыртау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

    Айыртау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ Айыртау аудандық мәслихатының № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау т...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай Р/с № Елді мекеннің атауы Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай 1 Антоновка ауылдық округінің Антоновка ауылы Ақан Сері...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Солтүстік Қазақстан облысыАйыртауауданының аумағындағыүгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары Айыртау ауданы № Елді мекеннің атауы Орналастыру орындары Антоновка ауылдық округі 1 Антоновка ауылы Акан Сері көшес...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды: