«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығының редакциясында), БҰЙЫРАМЫН:
- «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелерін ұйымдастыру, үйлестіру, жауапкершілік жұмыс тобына жүктелсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылған кезең 2025 жылдың екінші жартысы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы ретінде анықталсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 18 мамырдан бастап 18 маусымға дейін белгіленсін.
- Құрылымдық бөлімшелердің басшылары талдау бағыттары бойынша толық және дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Жұмыс тобы талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша талдамалық анықтама түрінде ресімдесін және ұсынсын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды орындау жөніндегі іс –шаралар жоспары талдамалық анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалсын және келісілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өз атымда қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Шрейдер
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ) заң бөлімінің басшысы
____________________ Н. Грибенюк
«___» ________________ 2026 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
______________________ Г. Разяпова
«___» ________________ 2026 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарабалық ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы
____________________А.Бейсембаев
«___» ________________ 2026 жылы
Қарабалық ауданы әкімі
аппараты басшысының
2026 жылғы «___» _______
№ ___ бұйрығына қосымша
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Грибенюк Николай Валерьевич |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің басшысы, жұмыс тобының басшысы |
Жұмыс тобының мүшелері: | ||
Абденова Елена Альбаевна |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай кадрлық қызметінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі |
Грибенюк Николай Валерьевич |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобының мүшесі |
Есенова Гульзия Танабековна |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржы – шаруашылық бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі |
Дощанова Алия Батырбековна |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі |
Мурзина Ольга Асылбаевна |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және мониторингіне ішкі бақылау, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі |
Жунусов Ахметкали Канапинович |
- |
Қарабалық ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Разяпова Гульнар Кауесхановна |
- |
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі |