Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру.
Қызметті берушінің атауы:Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб – порталы (www. egov. kz, www. elicense. kz) арқылы ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:5 жұмыс күні. Маман сертификатын алу үшін фармацевтикалық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті не резиденті емес) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттар мен мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымша нысанына сәйкес мәліметтер нысаны;
3) оқуды бітірген үміткерлер үшін техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы бұйрықтарының өзгеруіне байланысты сәйкес келтірілді № 268 "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі – тану қағидалары) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мәлімдеген мамандық бойынша сертификаттау сәтінде жалпы көлемде кемінде 4 кредит (120 сағат) сертификаттау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік біліктілігін арттыру туралы куәлігі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – қосымша білім беру қағидалары) (сертификат алуға өтініш берген сәтте 5 (бес) жылдан кешіктірмей фармацевтикалық оқуын аяқтаған техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру түлектерін қоспағанда);
6) мәлімденген мамандық бойынша қосымша білім беру қағидаларына сәйкес (мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар) жалпы көлемі кемінде 8 кредит (240 сағат) біліктілігін арттыру туралы куәлік;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21673 болып тіркелген) бекітілген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім беру түлектері және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар үміткерлер үшін);
8) "Электрондық үкімет" шлюзінің ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат ұсынады (болған жағдайда);
9) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі). Үміткер барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс өтілі және соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттырған куәлігі кемінде 4 кредит (120 сағат) көлемінде бар үміткерлер осы тармақтың 7)-тармақшасында көзделген құжатты ұсынбастан бастапқы сертификаттауға жіберіледі.