1.Тергеп –тексеру негізі:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізіндеКР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес2026 жылдыңқыркүйекайында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 02.10.2026 жылғы № 69 актісі, 25.09.2026 жылғы №2260001068888974; 24.09.2026 жылғы №2260001068889024, №2260001068889083, №2260001068889512, №2260001068889553, №2260001068888388 полимерлік және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамаларыхаттамаларынегізінде «Intellegence shapepuzzie ойыншығы»; ««Shrilling Chicken» ойыншығы»; ««Массажный шарик» ойыншығы»; ««№1 микс» құм топырақта ойнайтын жиынтық ойыншығы»; «Ойыншық "Шылдырмақ"»; «Ойыншық «Baby Favorite» Educational toy set.»; «Ойыншық «Hola» өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :
Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
06.10.2026 ж. - 02.11.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
«Адель» ЖК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп тексеру барысында «Адель» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : «Адель» ЖК
- Қабылданған шаралар :
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.10.2026жылғы № 120 қаулысы берілді