АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Жетісу облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістің жалпы көлемі 14,30 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерін ескергенде, зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі – шамамен 40%.

    Ұзақ мерзімді инвестициялаудың маңыздылығын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүкіл жұмыс кезеңіндегі нәтижелері де айқын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік 1 090,84%-ды құраса, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 1 014,83% болды.

    Бұл көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелерін ұзақ мерзімді кезең тұрғысынан бағалаудың маңыздылығын растайды. Зейнетақы жинақтары ондаған жылдар бойы қалыптасады. Осы уақыт аралығында түсіп отыратын зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал алынған кіріс салымшылардың зейнетақы капиталын ұлғайтып қана қоймай, одан әрі инвестициялауға қатысады.

    Инвестициялық кірістілік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Инвестициялау нәтижелері бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы түсімдеріне, олардың нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуына тәуелді. Жекелеген кезеңдерде нарықтық және валюталық қайта бағалау инвестициялаудың жалпы нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ауытқулар қаржы нарығына тән құбылыс болғандықтан, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін ұзақ мерзімді кезеңдегі нәтижелер негізінде бағалаған жөн.

    Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша 139,39 млрд теңгені құрады.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kz инвестициялық порталына жүгінетін қазақстандықтардың саны артып к...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсы...

    Ақпарат

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуме...

    Нұсқаулық

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ 360° БЕЙНЕШОЛУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ӨТУ КЕРЕК? 360°

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ 360° БЕЙНЕШОЛУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ӨТУ КЕРЕК? 360° форматта бейнешолуда: — бөлменің барлық қабырғалары мен бұрыштарын; — төбе мен еденді; — жұмыс үстелінің үсті, асты және жан-жағын; — монитор, пернетақта және...

    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді са...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...