2026 жылы «Еңбекжолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

    ·

    «Еңбекжолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «ЕңбекЖолы» конкурсын 2026жылы өткізу туралы хабарлайды.

    «ЕңбекЖолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді.

    Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

    Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

    Конкурсты өткізу мақсаттары:

    1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

    2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

    3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

    4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;

    5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

    Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

    Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

    Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

    1) Үздік еңбек әулеті.

    Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

    Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

    Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

    2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.

    Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

    3) Өндірістің үздік жас маманы.

    Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады;

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

    Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

    1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

    2) жеке куәліктің көшірмесін;

    3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

    4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

    5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

    6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

    Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

    Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

    Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау;

    1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиямен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау;

    қыркүйекте өнірлік еңбек форумдарында женімпаздарды марапаттау;

    10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну;

    1-15 қыркүйек мерзіміне республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;

    қазан айына «Еңбек жолы» конкурсының женімпаздардын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында марапаттау.

    Өтінімдерді конкурсқа қатысуға қабылдау «Qamqor.enbek.kz» платформа арқылы жүргізіледі.

    Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады:

    Түркістан қаласы, Тәуке Хан №278 В мекен-жайында орналасқан Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бөлімінің 8 каб., тел.: 8 (7771469636).

    Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз!

    Жүктеу
    c79c56329635d7bb478267fba3338b22_original.23673.docx
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан қаласы әкімінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №16ө "Азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесін бекіту туралы" өкіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан қаласы әкімінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №16ө "Азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесін бекіту туралы" өкіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 қаулысына қосымша 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарынсайлауды дайындау мен өткізу жөні...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары мен шекарасы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары мен шекарасы. №1...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері мен құрамы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Түркістан қалалық учаскелік сайлаукомиссияларының орналасқан жерлері мен құрамы №103 Учаскелік с...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

    Түркістан қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес, «2026...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Түркістан АЭЖ КС 35/10 кВ «Шой» қосалқы станциясынан шығатын әуе желісінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ертең, 21 қараша күні сағат 10:00–18:00 аралығында бір...

    Жарияланды: