ЖОБА
2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған
жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 науырздағы № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2026 жылға кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,0079 мөлшерінде, яғни айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін 34 (отыз төрт) теңге көлемінде бекітілсін .
- «2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Көксу ауданы мәслихатының 2026 жылғы 29 мамырдағы № 57-236 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 226040 болып жарияланған) шешімі жойылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Ж.Бейсенбай