«Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №13/63-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №13/63-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6456-13 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Түркістан қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін «Түркістан қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы |
Г. Сарсенбаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 25.06.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 39083 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ «Аппарат маслихата города Туркестан» - Главный специалист-юрист аппарата маслихата города Туркестан Ануархан Курегенович Икрамов, 24.06.2026 11:58:05, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат маслихата города Туркестан» - Председатель городского маслихата Гаппар Амантаевич Сарсенбаев, 24.06.2026 11:58:50, положительный результат проверки ЭЦП