Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысы бойынша ақпарат
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдарының қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтарда № 39/ НҚ бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетттік қызметтердің 6 түрін ұсынады.
Олар:
1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату».
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
2025 жылы Аққулы округінде жалпы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:" Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " - 11. "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" - 1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -4. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп сату» - 1. Көрсетілген қызметтер қағаз түрінде – 2, электрондық үкімет порталы арқылы – 15. Жеке тұлғаға – 11 қызмет көрсетілсе, 6-ы заңды тұлғаға көрсетілді.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 8 түсіндіру іс - шара өткізілді, оның ішінде: "Көпшілік талқылау"-1, "Дөңгелек үстел" -1, "Ярамарка"-3, «Тікелей эфир» -3", Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттыру курсы - 1. Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарына 270 дана брошюра таратылды, өзіне-өзі көрсету бұрышы арқылы 33 қызмет көрсетілді.
Қызмет алушылар үшін әкімдік ғимаратында қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін пандус және шақыру түймесі орнатылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты маман электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Аққулы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері орналастырылған. Сонымен қатар ауыл ішінде Вс. Иванова көшесі бойында мемлекеттік қызмет тақырыбында баннер орналасқан.
Ауылдық округ әкімі Д.Бейсенбаев