«Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

    ·

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

    1.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеуден шығару және оларға тіркеу құжатын (дубликатын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру» мемлекеттік қызмет стандарты.
    Қызмет ақылы: техникалық паспорт үшін – 0,5 АЕК, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі үшін – 1 АЕК, тіркеу үшін – 0,25 АЕК.

    2.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты.
    Қызмет ақылы: тракторист-машинист куәлігі үшін – 0,5 АЕК.

    3.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу» мемлекеттік қызмет стандарты.
    Қызмет тегін.

    4.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жоғары өтімді арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе оның дубликатын беру » мемлекеттік қызмет стандарты.
    Қызмет ақылы:– жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК,– заңды тұлғалар үшін – 5 АЕК,– дубликат үшін – 0,5 АЕК.

    Есепті кезеңде бөліммен өткен жылмен салыстырғанда 363 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 97 қызметке аз. «Электрондық үкімет» веб-порталы ( www.egov.kz) арқылы 332 қызмет көрсетілді.

    Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтер саны артты, бұл бөлім мамандары тарапынан электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау нәтижесінде орын алды.

    Мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандар тарапынан қызметтер сапалы әрі уақтылы көрсетіліп келеді. Күнделікті негізде ИС «Е-лицензиялау» жүйесінде түскен өтінімдерге мониторинг жүргізіледі. 2025 жылы қағаз түрінде, Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық форматта мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 рет бас тартылды, себебі тіркеу шарттарында толық емес мәліметтер көрсетілген (лизинг шарты бойынша шаруа қожалығының мекенжайы техниканың тіркелген мекенжайымен сәйкес келмеген).

    Мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
    – жәрмеңкелер – 4,– дәрістер мен семинарлар – 14.Қатысушылар саны – 183 адам.

    Ауданның ауылдық округтеріне тұрақты түрде шығып, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу тәсілдері, тракторист-машинист куәлігін алу, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, жыл сайынғы техникалық қарап-тексеруден өту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, трактор иелеріне буклеттер таратылды. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат аудан әкімі аппаратының сайтында және бөлімнің Instagram парақшасында орналастырылды.

    Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бөлім басшысының жеке бақылауында.

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Аққулы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті бойынша жиынтық (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (03 шілде 2026 жылы нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (03 шілде 2026 жылы нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының қаржы бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы аудандық мәслихатының аппараты ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 168/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды: