2025 жылдың 12 айында «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы ЕСЕБІ

    ·
      1. Жалпы ережелер

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің келесі түрін көрсетеді:

      1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, спорттық разрядтар, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру. 2025 жылы Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету туралы 4 өтініш түсті

      1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

      Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінде ақпараттық стенд орнатылған. Ол стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері, тәртібі жөнінде ақпарат берілген.

      «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес осы топтағы азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген және қолайлы жағдайлар жасалған.

      Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында спорт мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. 2025 жылдың 12 айында 8 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оған 95 адам қатысты.

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есептерді жария талқылау өткізілді.

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

      2025 жылдың 12 айында қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бөлімнің тұрақты бақылауында.

      1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін бөлімде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына қызмет берушілердің, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есептерді аудандық газет беттерінде және арнайы сайтта жариялау жоспарланған.

      2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

      Мәдениет, дене шынықтыружәне спорт бөлімінің басшысы

      Л.Құмарова

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Аққулы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті бойынша жиынтық (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (03 шілде 2026 жылы нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (03 шілде 2026 жылы нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының қаржы бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы аудандық мәслихатының аппараты ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 168/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды: