1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданы Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
1."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу";
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
- «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату»
- Жер учаскесін алуға кезекке қою;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
2025 жылдың 12 айында Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппаратымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 2-уі "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу" және Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту бойынша 1 мемелекеттік қызмет көрсетілді;
"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" - кеңінен сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналасқан (қағидалар, стандарттар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері). Көрсетілетін қызметті берушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпаратты орналастыру қамтамасыз етілген. Мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген. Баймолдин ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жаңадан стандартқа сай пандус, шақыру түймесі, тактильді жолақтар және тактильді Брайль тақтайшасы орнатылды.
"Электрондық үкімет" порталын қамтамасыз етудің қолжетімділігі үшін "Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" орнатылған, бұрыш қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады.
2025 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы -152 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- Қызмет алушылармен жұмыс
Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында "электрондық үкімет"порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, брошюралар), роликтер пайдаланылады. Бұл материалдар ауылдық округ әкімі аппаратының стендінде және Instagram желісінде орналастырылған.
2025 жылдың 12 айында -134 брошюра таратылды.
2025 жылдың есепті кезеңінде қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша "сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" бойынша 1 бейнеролик жасалды. 16 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: 9 дөңгелек үстел, 5 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі және 2 тікелей эфир. Барлық өткізілген іс-шаралар Инстаграм желісінің @baimoldin2020 парақшасында жарияланып, 198 адамды қамтыды.
- Қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
мемлекеттік қызметтер
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау мақсатында 2025 жылдың 12 айында Аққулы ауданының Баймолдин ауылдық округінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысы туралы есептерді жария талқылау жүргізілді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
2025 жылдың 12 айында қағаз нұсқада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі Аққулы ауданының Баймолдин ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының тұрақты бақылауында.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің
перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті
алушылардың қанағаттануын арттыру
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін ауданда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына Аққулы ауданының Баймолдин ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау жоспарланған.
Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
2026 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «электрондық үкімет»порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Баймолдин ауылдық округінің әкімі Қ. Омаров