2025 жылы «Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

    ·

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

    1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
    2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
    3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
    4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
    5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
    6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

    Мемлекеттік қызметтердің бәрі тегін негізде көрсетіледі.

    2025 жылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 16 мемлекеттік қызмет, «Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 3 мемлекеттік қызмет, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» - 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке тұлғаға 17, заңды тұлғаларға 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз нысанда - 1 (оның ішінде қағаз нысанда - 1, сондай-ақ 1 мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін) мемлекеттік қызмет көрсетілді, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 0 мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ЭҮП арқылы 19 мемлекеттік қызмет.

    Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызметтер: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

    Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпарат бар. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуде басым қызмет көрсетілді, мүгедектер үшін пандус қарастырылған.

    «Электрондық үкімет» порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, бұрыш қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 109 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары Инстаграмм (sharbakty­­_ayyldyq_okrygi) тарату арқылы жүргізіледі.

    Инстаграм желісінде брошюралар мен бейнероликтер жариялау, сондай-ақ оқыту семинарлары өткізіледі.

    2025 жылдың 12 айында округ бойынша 15 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, халықты – 288 адам қамтыды.

    Округте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 баннер орнатылған.

    2025 жылы біліктілікті арттыруға мемлекеттік қызметшілер қатысқан жоқ.

    2025 жылдың өткен кезеңінде «Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзу мен көрсетілетін қызмет алушылардан шағымдар болған жоқ.

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін ауданда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына Аққулы ауданының Шарбақты ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушілердің, қызмет алушылардың, депутаттардың және мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау жоспарланған.

    Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

    2026 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

    Шарбақты ауылдықокругінің әкімі

    А.Желдыбаев

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Аққулы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті бойынша жиынтық (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (03 шілде 2026 жылы нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (03 шілде 2026 жылы нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы ауданының қаржы бөлімі ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы аудандық мәслихатының аппараты ММ 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (2026 жылғы 03 шілдеден нақтыланған)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 168/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды: