1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданының Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді:
- Сауда – саттықты (конкурстары, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
- Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгерту шешім беру;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- Жер учаскесін алуға кезекке қою;
- Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызметтер:
Сауда – саттықты (конкурстары, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
2025 жылғы 12 ай аралығында «Аққулы ауданының Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
Сауда – саттықты (конкурстары, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 17, оның ішінде
Заңды тұлғалар - 3;
Жеке тұлғалар - 14.
Қағаз нысанда заңды тұлғаға 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтердің барлық түрлері ЭҮП арқылы тегін көрсетілді.
Өзін-өзіне қызмет көрсету бүрышынан 183 қызмет көрсетілді.
2025 жылғы 12 айында 4 түсіндіру іс-шаралар өткізілген, оған 175 адам қатысты. Аталған кезеңде қызмет алушылардан, мемлекеттік қызмет сұрақтар туралы шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер ауылдық округі әкімінің үнемі бақылауда.
- Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кең қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында көрнекті жерлерде стендтерде стандарттар мен регламенттер орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының ішкі бақылауы бойынша жүргізіледі.
Қызмет көрсетушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпараттың орналастырылуы қамтамасыз етілген. Мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезектік қызмет көрсету қамтамасыз етілген.
Халыққа барлығы 100 брошюралар таратылды.
Келесі мазмұнда 2 баннер орнатылды
«Егов порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету»
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі»
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін
жетілдіру жөніндегі қызмет
Кестеге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты лауазымды тұлғаларды оқыту, сондай-ақ тұрғындарға ЭЦК, анықтама және т.б. алуға қызмет көрсету үшін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Аққулы ауданы бөлімі мамандарының мобильді тобының шығуы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау
2025 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Аталған кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер үнемі бақылауда.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетіе қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін ауданда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына Аққулы ауданының Қызылағаш ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушілердің, қызмет алушылардың, депутаттардың және мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау жоспарланған.
Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
2026 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және көрсетілетін қызметтерді алушылардың сапасына қанағаттанушылығын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады, атап айтқанда «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдерін ауытқуын жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету санын ұлғайту.
Қызылағаш ауылдық
округінің әкімі Д. Калиакпарова
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы
Өтініш беруші туралы мәлімет |
Шағымның мазмұны |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарастырған күні |
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
ақпарат