«Коробихаауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері туралы
талдамалық анықтамасы
Коробиха ауылы24.06.2026 ж.
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Коробиха ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №31-н өкімі негізінде «Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді.
Ішкі талдау 2026 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңді қамтыды.
СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ жүргізу барысында төмендегілер пайдаланылды:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 7 сәуірде бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.
СЖТІТ 2026 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізілді.
Коробиха ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №31-н өкіміне сәйкес жұмыс тобының мүшелері ретінде ауылдық округ әкімі, Аппараттың бас мамандары және статист айқындалды.
Аппарат өз қызметін Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 қазандағы №312 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Аппаратта мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинарлар мен тренингтер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша білім беру бағдарламалары өткізіледі.
СЖТІТ жүргізу барысында Аппаратта 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке қатысты мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерін айқындау көрсеткіші бойынша:
– мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерінен бөлек жекелеген міндеттердің бөлінуі және оларды орындау кезіндегі жауапкершіліктің бөлінуі.
Коробиха ауылдық округі әкімі аппаратында барлығы 2 бас маман жұмыс істейді. Аппаратта округ әкімінің өкімімен штаттағы мемлекеттік қызметшілер арасынан ақпараттық қауіпсіздікке жауапты маман тағайындалған. Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері бойынша жүктемеге ие.
Нәтижесінде ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылау төмендеп, тиісті талаптар сақталмай отыр. Мұндай олқылықтар ақпаратқа рұқсатсыз қол сұғуға, деректерді өзгертуге, жасыруға немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану жағдайларын туғызуы мүмкін.
Ұсынымдар:
– қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша оқытуды ұйымдастыру.
Жұмыс тобының құрамы:
Коробиха ауылдық
округінің әкімі Д. Доржанов
«Коробиха ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің статисті
Ю. Сташкова
«Коробиха ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
бас маманы Б. Каргамбекова
«Коробиха ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
бас маманы Е. Рябыкина