Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

    2026 жылдың алғашқы тоғыз айында (2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 40,3 млн қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш Қормен өзара іс-қимыл жасаудың цифрлық және тікелей қызмет көрсету арналарына сұраныстың қаншалықты жоғары екенін айқын көрсетеді.

    Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,7 миллионы электрондық форматта, 11,8 миллионы автоматты режимде жүзеге асырылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,6%-ын құрады. Тікелей қызмет көрсету форматында 576,0 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 562,2 мыңы Қор кеңселерінде жүзеге асырылды.

    Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды төлеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары (НЖШ) ашылады.

    Есепті кезеңде зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударған міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алуға арналған шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ), сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды алушыларға тиесілі қаражатты есепке алу және төлеу үшін ашылатын нысаналы жинақтау шоттарының (НЖШ) жалпы саны 1,3 млн бірліктен асты.

    Бұрынғыдай ең сұранысқа ие қызмет – ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ-дан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері шоттардың барлық түрлері бойынша 28,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 25,8 миллионы электрондық форматта, ал 2,5 миллионы автоматты режимде ұсынылды. БЖЗҚ шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алу зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы, сенімді әрі жедел тәсілі екенін еске салады. Сервис тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді. Бұл әлемнің кез келген нүктесінен, кез келген уақытта өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шоттардың жай-күйі туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы мен ресми сайтындағы жеке кабинетте ғана емес, egov.kz порталы немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформалар арқылы пайдалануды қалайтын азаматтарға қосымша қолайлылық туғызады. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап үзінді көшірмелерді пошта арқылы жыл сайын автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын атап өтеді. Дегенмен, тиісті сұранысты БЖЗҚ мекенжайына жолдау арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталған.

    Салымшылар (алушылар) Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алудан бөлек, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттарының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе елу жасқа толуына орай ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем алуға берілген өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін болжамды түрде есептеу және басқа да қызметтерді пайдалана алады. Өткен кезеңде салымшылардан зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы 142,3 мың өтініш қабылданды. Олардың басым бөлігі электрондық форматта берілді.

    БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіріп, инвестициялық қызмет туралы мәліметтерді жүйелі түрде ұсынуды қамтамасыз ететінін еске салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде зейнетақы жинақтары жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (өлшемшарттары), негізгі ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, олардың реттеушілік талаптарды сақтауы жөніндегі деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қолжетімді.

    Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге қатысты 87,1 мың өтініш қабылданды. Оның 81,2 мыңы Қор кеңселерінде рәсімделді.

    БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгінген салымшылар, әдетте, жинақтарын қалыптастыру мәселелері жөнінде қосымша кеңестер мен ұсынымдар да алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары негізінде жарияланған материалдар саны 29,8 мыңға жетті.

    Кері байланыс арналары (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес беру, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары) арқылы салымшылар мен алушылардан келіп түскен өтініштердің саны – 310,5 мың.

    Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өз кеңсесінде көшпелі таныстырылым мен кеңес беру шараларын өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты, мобильді қосымшасы, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы хабарласу жеткілікті.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    6ba249db4eb52079b1e51ae102862a0fce38ac9226e0c3e9d64164b79237bed9_original.62532.docx
    DOCX · 61 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    По состоянию на 1 октября 2026 года общий объем пенсионных накоплений казахстанцев составил 28,30 трлн теңге, увеличившись за последние 12 месяцев на 2,60 трлн теңге или на 10,0%. Основную их часть составляют средства, сформированные за счет обязательных пенсионных взносов (ОПВ). Их объем достиг 26,13 трлн теңге, продемонстрировав рост за 12 месяцев на 1,73 трлн теңге или на 7,1%. Накопления за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) составили 732,80 млрд теңге. Положительная динамика наблюдается и по накоплениям за счет добровольных пенсионных взносов (ДПВ). За последние 12 месяцев их объем вырос на 6,4%, составив 10,35 млрд теңге. Наиболее существенный прирост отмечен по накоплениям за счет обязательных пенсионных взносов работодателя (ОПВР), перечисление которых началось с 1 января 2024 года. За год их объем увеличился в 2,4 раза и достиг 1 429,89 млрд теңге. Поступления Общий объем накоплений обеспечивается за счет пенсионных взносов и инвестиционного дохода. За 9 месяцев 2026 года на индивидуальные и условные пенсионные счета вкладчиков поступило 2 738,10 млрд теңге взносов, что на 15,7 % (или на 371,90 млрд теңге) больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. На индивидуальные пенсионные счета (ИПС) по учету ОПВ с начала 2026 года на 1 октября 2026 г. поступило 2091,42 млрд теңге (по сравнению с аналогичным периодом прошлого года объем ОПВ увеличился на 7,9 %), ОППВ – 113,50 млрд теңге (рост на 12,7%), ДПВ – 1,62 млрд теңге. Взносы за счет ОПВР с начала года на 01.10.2026 г. составили 531,55 млрд теңге. Чистый инвестиционный доход, поступивший на счета вкладчиков с начала года, по состоянию на 01.10.2026 года составил 882,28 млрд теңге. Выплаты и переводы Выплаты по всем видам взносов и переводы в страховые организации из ЕНПФ за январь-сентябрь 2026 года достигли 1402,37 млрд теңге. Объём выплат по возрасту составил 223,61 млрд теңге. Размер средней ежемесячной выплаты по графику из ЕНПФ в связи с достижением пенсионного возраста – 39 028 теңге. Единовременные пенсионные выплаты (ЕПВ) на улучшение жилищных условий и лечение с начала 2026 года на 01.10.2026 г. составили 490,04 млрд теңге, выплаты по наследству – 77,26 млрд теңге, выплаты в связи с выездом на ПМЖ за пределы РК – 37,30 млрд теңге, выплаты лицам с инвалидностью – 2,62 млрд теңге, выплаты на погребение – 7,14 млрд теңге. В страховые организации переведена сумма в размере 564,40 млрд теңге. Количество ИПС Общее количество пенсионных счетов в ЕНПФ на 1 октября 2026 года составило 19,11 млн единиц (рост за 12 месяцев - 1,14 млн единиц или 6,3%). При этом количество ИПС вкладчиков (получателей) в ЕНПФ на 1 октября 2026 г. - 12,90 млн единиц, из них: 11,44 млн - по ОПВ, 798,39 тыс. - по ОППВ, 466,12 тыс. - по ДПВ. Отметим, что в общее количество счетов по учету ОПВ (11,44 млн единиц) также входят счета получателей, выехавших на ПМЖ за пределы страны, но не обратившихся за накоплениями, умерших вкладчиков, чьи наследники не оформили наследование пенсионных накоплений, военнослужащих, переведенных с 2016 года на полное государственное пенсионное обеспечение, и других категорий вкладчиков (получателей), на счета которых в соответствии с казахстанским законодательством взносы не должны поступать. Количество условных пенсионных счетов в ЕНПФ, на которых учитываются сведения о поступивших ОПВР, составило 6,21 млн единиц. Вся актуальная информация о статистических данных по пенсионным активам размещена на сайте enpf.kz в разделе «Статистика и аналитика». ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz).

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті.12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ)...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін и...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында аудандар мәслихаттарының депутаттығына Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында аудандар мәслихаттарының депутаттығына Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатыншығыстарының мө...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу:төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет? БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімде...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қа...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әуликөл ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 111 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілд...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: