Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты
Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты
«Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттама. Қазақстан Республикасы үшін 2026 жылғы 20 қарашада күшіне енеді
2022 жылғы 14 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Белиз Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім. Күшіне ену күні: 2026 жылғы 15 қазан.
2023 жылғы 8 маусымда Сочиде жасалған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісім. Қазақстан Республикасы үшін 2026 жылғы 12 қарашадан бастап күшіне енеді
2025 жылғы 18 тамызда Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім. Күшіне ену күні: 2026 жылғы 8 қазан.