АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қаратөбе ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2026 жылғы 21 желтоқсан сағат 10:00 де өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 аудан әкімдігінің ғимаратында.

    Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

    Жер

    учаскесінің

    Лот

    нөмірі

    Жеручаскесінің қысқаша сипаттамасы, оныңішінде: алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (бұдан әрі мәтін бойынша - балл.б)

    Ауданы,га

    Жалға алу

    мерзімі, жыл

    Жеручаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтық)

    Сумен қамтамасыз ету

    1

    егістік, орташа балл б. - 27

    183

    10

    Приречный а/о,

    Приречное а. дейін – 8,5 км

    жоқ

    2

    жайылым, орташа балл б. - 30

    170

    10

    Покатиловка а/о,

    Покатиловка а. дейін – 4,5 км

    жоқ

    3

    егістік, орташа балл б. - 27

    400

    10

    Покатиловка а/о,

    Покатиловка а. дейін – 6,5 км

    жоқ

    4

    егістік, орташа балл б. – 31

    363

    10

    Долин а/о,

    Долин а.дейін– 9,5 км

    жоқ

    5

    жайылым, орташа балл б. - 21

    493

    10

    Богдановка а/о,

    Богдановка а.дейін– 11,3 км

    жоқ

    6

    егістік, орташа балл б. - 29

    520

    10

    Богдановка а/о,

    Богдановка а. дейін – 16,2 км

    жоқ

    ЕСКЕРТПЕ

    Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң 2026 жылдың 26 қараша мен 18 желтоқсан аралығында, сағат 09:00-дан бастап сағат 18:00 аралығында Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 20 ғимарат мекенжайы бойына орналасқан Теректі ауданынынң жер қатынастары бөлімінде өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.

    Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

    Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тарау 12 тармағына сәйкес аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

    2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тараудағы келесі тармақтарына сәйкес:

    1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
    2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
    3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Қосымша, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тарау 23 тармағына сәйкес осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің өлшемшарттары бойынша беріледі.

    Конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты (өтінім нысандары мен конкурсты өткізу ережесі) мына сайттан алуға болады:https://www.terekta-bko.gov.kz/ немесе телефон арқылы +7 (71132)-23-349 "Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ.

    Жүктеу
    64e9a7d8a662385477862dc5da95767dafd6028b30b0d15685316875af5296df_original.181981.jpg
    JPG · 178 КБ
    Жүктеу
    f9250b12de5b300e70746ba1302fe8541fe34472751e6c2b64f7a783e6e5a101_original.156949.jpg
    JPG · 153 КБ
    Жүктеу
    dcc851f5dfed1ee72374aeaf902f6b482e56ebac2370450a3a4d3f5aa6885b9b_original.221544.jpg
    JPG · 216 КБ
    Жүктеу
    f15f6eea7630f4385f6b1dd39ef554e46e3057f65a28049d0aa360fda124a788_original.167456.jpg
    JPG · 164 КБ
    Жүктеу
    dbe6b494e3b44f6cc5a3a4706656746172dd140ea0234a3e2867d028cca8e46f_original.92357.jpg
    JPG · 90 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Аудандық экономика және қаржы бөлімі 2026 жылдың 1-ші қарашасына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Аудандық экономика және қаржы бөлімі 2026 жылдың 1-ші қарашасына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қаратөбе аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

    Қаратөбе аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 14 бабының 3-1 тар...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсын...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № 1 бірмандаттық аума...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БАҚ үшін

    https://www.gov.kz/org/bko/activities/90805?parentId=76110&lang=kk

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қаратөбе ауданы әкімдігінің2025 жылғы "29" қазандағы № 175 қаулысына қосымша Қаратөбе ауданы әкімдігінің2014 жылғы "29" қыркүйектегі№ 147 қаулысына қосымша Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді м...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлер мен олардың сенім білдірілген адамдарының Қаратөбе ауданының аумағындағы сайлаушылармен кездесу өткізу орындары және кестесі

    Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлер мен олардың сенім білдірілген адамдарының Қаратөбе ауданының аумағындағы сайлаушылармен кездесу өткізу орындары және кестесі № Елді мекен атауы Өткізу орны Кездесу күн...

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушыларға Қаратөбе ауданы аумағындағы сайлау учаскелері бойынша жеке деректерін нақтылауға арналған CALL – орталық

    Сайлаушыларға Қаратөбе ауданы аумағындағы сайлау учаскелері бойынша жеке деректерін нақтылауға арналған CALL – орталық Аудан атауы CALL-орталық телефоны Қаратөбе ауданы 8 (71145) 31826

    Қаратөбе ауданының әкімдігіЖарияланды: