2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы

    ·

    Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларыныңҚАУЛЫСЫ

    Ақмол ауылы № 02-03/233 14 мамыр 2026 жыл

    2025 жылға арналған

    Целиноград ауданының

    ауылдар, ауылдық округтер

    бюджеттерінің орындалуы туралы

    Экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. С. Беркееваның 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен 2025 жылғы Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

    2025 жылға ауылдар, ауылдық округтердің кіріс бөлігінің жалпы көлемі 4 049,2 миллион теңгені құрады және 4 234,9 миллион теңгеге немесе 104,6 пайызға орындалды.

    2026 жылдың 01 қаңтарында өз қаражаты есебінен төртінші деңгейдегі бюджеттің кіріс бөлігі (салық түсімдері, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) 1 268,3 миллион теңгені құрады 127,7 пайызға орындалды, нақты түсім 1 454,1 миллион теңге, 185,7 миллион теңгеге асыра орындалды (жоспар бойынша салық түсімдері 940,3 миллион теңгені құрады, 1 095,8 миллион теңге сомасында түсті, 155,5 миллион теңгеге немесе 116,5 пайызға асыра орындалды, жоспар бойынша салықтық емес түсімдер 3,0 миллион теңгені құрады, 5,9 миллион теңге сомасында түсті, 2,9 миллион теңгеге немесе 193,1 пайызға асыра орындалды, жоспар бойынша негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 325,0 миллион теңгені құрады, 352,4 миллион теңге сомасында түсті, 27,4 миллион теңгеге немесе 108, 4 пайыз теңгеге асыра орындалды). Аудандық бюджеттен трансферттер 2 780,8 миллион теңгені құрады.

    2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтердің бюджеттерін іске асыру ауданның ауылдық аумақтарын дамытуға оң әсерін тигізді.

    Сонымен қатар, ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. Ауылдар, ауылдық округтер аппараттарының барлық мемлекеттік мекемелері бойынша салық түсімдері бойынша жоспарлар асыра орындалды. Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде бюджеттік жүйе қағидаттарының бұзылғанын көрсетеді.

    Жоспар бойынша 4 287,9 миллион теңге бюджетінің шығыс бөлігі 4 241,9 миллион теңгеге немесе 98,9 пайыз орындалды, игерілмегені - 46,0 миллион теңге.

    2025 жылы игерілмеген қаражат сомасы 46,0 миллион теңгені құрады. Бюджет қаражатын игермеуге келесі мемлекеттік мекемелер «Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» 25 002,2 мың теңге, «Нұресіл ауылдық округі әкімінің аппараты» 10 501,6 мың теңге, «Қызыл суат ауылдық округі әкімінің аппараты» 3 043,9 мың теңге, «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» 3 626,2 мың теңге, «Қажымұқан ауылы әкімінің аппараты» 1 806,0 мың теңге қаражаты игерілмеген.

    Жоғарыда көрсетілген барлық және басқа да фактілер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының бұзылуы болып табылады.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. С. Беркееваның «2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы» есебі назарға алынсын.

    2. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясында Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есебін тыңдау.

    3. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясында Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есебін тыңдау.

    4. «2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы» есептер бойынша Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қоса беріліп отырған қорытындысы бекітілсін және Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Г. Г. Сабитоваға Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясында қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.

    5. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының бекітуіне «2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» шешімнің жобасы енгізілсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Целиноград аудандық мәслихаттың

    тұрақты комиссияларының

    төрағалары Г. Сабитова

    А. Капанов

    Б. Рымкулов

    Тұрақты комиссиялардың

    2026 жылғы 14 мамырдағы

    № 02-03/233 қаулысына қосымша

    Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есебі бойынша Қорытындысы

    Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 128-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есептерді қарады.

    Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есептерін зерделеп, тұрақты комиссиялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.

    2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджетінің кіріс бөлігінің жалпы көлемі 4 049,2 миллион теңгені құрады және 4 234,9 миллион теңгеге немесе 104,6 пайызға орындалды.

    2026 жылдың 01 қаңтарында өз қаражаты есебінен төртінші деңгейдегі бюджеттің кіріс бөлігі (салық түсімдері, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) 1 268,3 миллион теңгені құрады 127,7 пайызға орындалды, нақты түсім 1 454,1 миллион теңге, 185,7 миллион теңгеге асыра орындалды (жоспар бойынша салық түсімдері 940,3 миллион теңгені құрады, 1 095,8 миллион теңге сомасында түсті, 155,5 миллион теңгеге немесе 116,5 пайызға асыра орындалды, жоспар бойынша салықтық емес түсімдер 3,0 миллион теңгені құрады, 5,9 миллион теңге сомасында түсті, 2,9 миллион теңгеге немесе 193,1 пайызға асыра орындалды, жоспар бойынша негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 325,0 миллион теңгені құрады, 352,4 миллион теңге сомасында түсті, 27,4 миллион теңгеге немесе 108, 4 пайыз теңгеге асыра орындалды). Аудандық бюджеттен трансферттер 2 780,8 миллион теңгені құрады.

    2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтердің бюджеттерін іске асыру ауданның ауылдық аумақтарын дамытуға оң әсерін тигізді.

    Сонымен қатар, ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. Ауылдар, ауылдық округтер аппараттарының барлық мемлекеттік мекемелері бойынша салық түсімдері бойынша жоспарлар асыра орындалды. Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде бюджеттік жүйе қағидаттарының бұзылғанын көрсетеді.

    Жоспар бойынша 4 287,9 миллион теңге бюджеттің шығыс бөлігі 4 241,9 миллион теңгеге немесе 98,9 пайызға орындалды, игерілмегені - 46,0 миллион.

    2025 жылы игерілмеген қаражат сомасы 46,0 мың теңгені құрады. Бюджет қаражатын игермеуге келесі мемлекеттік мекемелер «Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» 25 002,2 мың теңге, «Нұресіл ауылдық округі әкімінің аппараты» 10 501,6 мың теңге, «Қызыл суат ауылдық округі әкімінің аппараты» 3 043,9 мың теңге, «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» 3 626,2 мың теңге, «Қажымұқан ауылы әкімінің аппараты» 1 806,0 мың теңге қаражаты игерілмеген.

    Жоғарыда көрсетілген барлық және басқа да фактілер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының бұзылуы болып табылады.

    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қажет деп есептейміз:

    бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша жұмыс жасау өте маңызды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, өткен қаржы жылының бюджетінің атқарылу көрсеткіштеріне негізделген сабақтастық қағидаттарын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды неғұрлым негізді жүргізу.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жол берілген кемшіліктерді жоюды ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекітуді ұсынады.

    Целиноград аудандық мәслихаттың

    тұрақты комиссияларының

    төрағалары Г. Сабитова

    А. Капанов

    Б. Рымкулов

    Жүктеу
    Постановление от 14 мая 2026 года № 02-03/232
    Об исполнении бюджетов сел, сельских округов Целиноградского района за 2025 год
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Кесте

    Целиноград ауданының 2026 жылғы III тоқсанына депутаттардың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы кестесі

    Целиноград аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы ___ желтоқсандағы № ________ өкіміне 3-қосымша Целиноград ауданының 2026 жылғы III тоқсанына депутаттардың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы кестесі №п/п...

    Жарияланды:
    НҚА

    «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы

    Целиноград аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Ақмол ауылы № 518/69-8 20 мамыр 2026 жыл Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы «Қазақстан Республика...

    Жарияланды:
    Шешім

    Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы

    Целиноград аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Ақмол ауылы № 517/68-8 20 мамыр 2026 жыл Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілік...

    Жарияланды:
    НҚА

    Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    НҚА

    Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 442/57-8 «2026-2028 жылдарға арналған Талапкер ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы

    Целиноград аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Ақмол ауылы № 520/69-8 9 маусым 2026 жыл Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы «Қазақ...

    Жарияланды: