Құрметті қызметкерлер!
«Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 16.04.2025 жылғы №50 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет.
Анықтама телефоны: 8727 272 86 34 ішкі. 7302505
Қоңырау шалу уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің кадр қызметі