«KEDEN» Цифрлық жүйесі
Қазіргі уақытта еліміз мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған цифрлық технологияларды бөлсенді түрде енгізуде.
Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Әл-ауқатты қоғам» атты Жолдауындағы тапсырмасын орындау аясында ең заманауи технологияларды қолдана отырып, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін кедендік ақпараттық жүйені жаңғырту мәселесі туындады.
Осыған байланысты, 2023 жылғы қаңтардан бастап «АСТАНА-1» (Keden) кедендік жүйесін дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.
2024 жылғы сәуірден бастап «Keden» жүйесінде экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларацияларын, экспресс-жүктер бойынша тауарларға арналған декларацияларды беру арқылы экспресс-жүктерді электронды түрде кедендік декларациялау мүмкіндігі іске асырылды, сондай-ақ жеке тұлғалардың «Қорғас» ХШмЫО арқылы өткізетін тауарларын есепке алу модулі іске қосылды.
2024 жылғы қарашада алдын ала кедендік операциялар бойынша модульдердің функционалы және транзиттік декларацияларды беру функционалы пайдалануға берілді.
2025 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін көлік құралдарына арналған кедендік декларация бойынша функционал, кедендік тізілімдер бойынша модуль, алдын ала ақпаратты ұсыну бөлігіндегі функционал, «Уәкілетті электрондық операторлар» модулі, «Зияткерлік меншік объектілері» модулі, «Жолаушылар кедендік декларациясы» модулі, «Рұқсат беру құжаттары» модулінің жекелеген функционалдары іске қосылды.
2026 жылғы сәуірден бастап тауарларды декларациялау бойынша функционал іске қосылды.
Аталған функционалдан бөлек, жүйеде үшінші тарап жүйелерімен, соның