2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

    Алтай ауданының әкімдігі

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

    1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;

    2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;

    3) көліктік шығыстарға - 80 000 (сексен мың) теңге.

    2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.

    3. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, қалалар мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.

    4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.




    Төраға

    Н. Әбдіров

    Хатшы


    Ш.Өтемісов

    Астана қаласы

    2026 жылғы 26 қазан

    № 66/116

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихат депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ

    Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихат депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 1 қарашадағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, те...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихат депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    ИНФОРМАЦИЯ об итогахвыдвижениякандидатов в депутатымаслихата района Алтай ВКО (выборы29 ноября 2026 года) по состоянию на 18.00 часов 27 октября 2026 года № п/п Фамилия, имя, отчество Год рождения Место работы, занима...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алтай ауданы бойынша үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

    Алтай ауданы бойынша үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, ба...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АЛТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    АЛТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ № 632учаскелік сайлау комиссиясы Алтай қаласы, Рудная көшесі, 2 үй. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ Комиссия төрағ...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алтай ауданы бойынша 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы жалақы

    2026 жылдың 1 жартыжылдығында Алтай ауданы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 421.1 мың теңгені құрады және 2025 жылдың 1 жартыжылдығ...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    № 2 Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    № 2 Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жер...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    № 1 Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы

    № 1 Қазақстан Республикасымәслихаттардепутаттарын сайлау туралы 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі х...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АЛТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ БОЙЫНША ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    СОСТАВЫ ОКРУЖНЫХ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ ПО РАЙОНУ АЛТАЙ ПО ВЫБОРАМ ДЕПУТАТОВ МАСЛИХАТА РАЙОНА АЛТАЙ СОСТАВ окружной избирательной комиссии № 1 город Алтай, улица Рудная, дом 2 Председатель:Кудайбергенова Гульнара Камбар...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды: