5-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымбойынша
БЕКІТЕМІН
Ұлытау облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысым.а.
С.Ж.Құрбанбеков
Жезқазған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі / Заңнама талаптарын бұзушылықтар |
Орындалатын іс-шаралар (тәуекелдерді жою жолдары) |
Орындау мерзімі |
Жауапты тұлғалар / Бөлімдер |
Аяқталу формасы |
1 |
Жедел ден қою шараларын қолдану мерзімдерін негізсіз созу (дискрециялық тәуекел). |
1. Мерзімді бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау. |
Тұрақты |
Басқарма басшысы, Техникалық регламенттерді бақылау бөлімі |
Түсініктемелер, Қаулыларды тіркеудің ішкі бақылау журналы. |
2 |
Қауіпті өнім анықталған кезде заңнамалық шараларды толық қолданбау (лауазымдық әрекетсіздік немесе кәсіпкерге қамқорлық жасау тәуекелі). |
1. «Samadi A Group» ЖШС-ге қатысты жедел ден қою шараларының орындалуын бақылау мақсатында Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 5-тармағы 2-1) тармақшасы негізінде шұғыл түрде жоспардан тыс тексеруді тағайындау және құқықтық статистика органдарында (КПСиСУ) тіркеу. |
2026 жылғы 20шілдегедейін |
Басқарма басшысы, Техникалық регламенттерді бақылау бөлімі |
Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы бұйрық, Тексеру актісі. |
3 |
Кадр тапшылығы салдарынан жұмыс сапасының төмендеуі және сыбайлас жемқорлық тәуекелі. |
1. Бос лауазымдарды білікті мамандармен толықтыру үшін мемлекеттік қызметке іріктеу конкурстарын өткізу жұмыстарын жандандыру (Департаменттің кадр қызметімен бірлесе). |
2026 жылғы 20желтоқсанғадейін |
Персоналды басқару және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі |
Конкурс жариялау туралы хабарландырулар, жүктемені бөлу туралы ішкі өкім. |
4 |
Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығының жеткіліксіздігі және Кәсіпкерлік кодексті бұзу үрдісі. |
Басқарманың барлық бақылаушы құрамы үшін ҚР Кәсіпкерлік кодексі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын, соның ішінде тексерулерді тағайындау және жедел ден қою шараларын қолдану мерзімдерін сақтау бойынша мақсатты құқықтық семинар (техникалық оқу) өткізу. |
2026 жылғыЖалпы оқыту жоспары сәйкес |
Персоналды басқару және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі |
Техникалық оқу хаттамасы, қызметкерлердің білім деңгейін тексеру тестілерінің нәтижесі. |
5 |
Өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу (бақылау мақсатында сатып алу) кезіндегі дискрециялық тәуекелдер. |
Өнімдерді сатып алудың айлық жоспар-графигін құру және сауда нүктелерін таңдауды тек тәуекелдерді бағалау жүйесі немесе тұрғындардың шағымдары негізінде ғана жүзеге асыру. Сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. |
Бақылау сатып алу жоспарына сай мерзімдерді сақтау |
Техникалық регламенттерді бақылау бөлімі |
Бекітілген сатып алу жоспар-кестесі, сатып алу актілері. |
6 |
Жер учаскелерін бөлу кезінде қате шешім қабылдау немесе заңсыз рұқсат беру/бас тарту тәуекелі. |
1. Ұлытау облысының СЭБД-не заманауи GPS-навигаторлар мен жоғары дәлдікті позициялау құрылғыларын сатып алуға бюджеттік өтінім жолдау. |
2026 жылғы 20шілдегедейін |
Басқарма басшысы, эпид. бақылау бөлімі |
Ресми хат-жолданым, бюджеттік өтінім көшірмесі, мамандардың біліктілікті арттыру сертификаттары. |
7 |
Кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз әкімшілік кедергі жасау тәуекелі. |
1. Стоматологиялық ұйымдарға СЭҚ (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) беру кезінде микроклимат хаттамаларын талап етуді (манипуляциялық бөлмелерден басқа) толығымен тоқтату. |
2026 жылғы 20тамызғадейін |
Басқарма басшысы, эпид. бақылау бөлімі |
Техникалық оқу хаттамасы, мамандардың танысу парағы. |
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету («E-licenz») кезіндегі бас тарту жауаптарының субъективтілігі. |
Бас тарту жауаптарын дайындау кезінде олардың заңдылығы мен негізділігіне бөлім басшылары тарапынан екіжақты бақылауды (комиссиялық қарауды) енгізу. Заңнама тармақтарын нақты көрсету. |
2026 жылғы 20тамыздейін |
Инфекциялық ауруларды бақылау бөлімі, Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі |
«E-licenz» базасындағы бас тарту хаттарының заңдылық аудиты. |
9 |
Профилактикалық жобалармен қамту деңгейінің жеткіліксіздігі. |
1. Қаланың өнеркәсіп нысандары мен қалған колледждерін жобаларға тарту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу. |
2026 жылғы 20қыркүйеккедейін |
Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімі |
Жобаларға енгізілген нысандардың жаңа тізімі, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар. |
Кестені құраған: Оспан А.С.