ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№327
«20» «10» «2026» жыл
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерлерді резервке қою туралы
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 49-2-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» №178 бұйрығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде, Меркі ауданы, Меркі, Сарымолдаев, Жамбыл, Ойтал елді мекендерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен бірлескен бас жоспар жобаларына және Екпінді, Плодовоягодный, Интернациональный елді мекендерінің оңайландырылған нұсқаларына түзетулер енгізу туралы бас жоспарына, Меркі ауданы әкімінің 08.11.2024 жылғы №384, Меркі аудандық мәслихатының 08.11.2024 жылғы №33-3 бірлескен қаулы мен шешімінің негізінде және 12.10.2026 жылғы жерлерді резервке қою жөніндегі комиссиясының оң қорытындысына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Меркі ауданы, Меркі ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 5 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында резервке қойылсын.
Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес резервке қойылатын жерлердің орналасу схемасы белгіленсін.
Жерлерді резервке қою мерзімі осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 (он) жыл болып белгіленсін.
Резервке қойылған жерлерді пайдалану кезінде:
1) жер пайдаланушылардың және сервитут иелерінің құқықтары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сақтала отырып, жерлер олардың бастапқы нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылсын;
2) резервке қойылған жерлерде күрделі құрылыс объектілерін салуға тыйым салынатыны;
3) жерді резервте қалдыру жер учаскелері резервте қалдырылған жердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқтырмайтындығы ескерілсін.
- «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жер пайдаланушылар мен сервитут иелерін, жер учаскелері резервке қойылғаны туралы хабардар етсін;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны 3 (үш) күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу үшін жіберілуін;
3) жерлерді резервке қою туралы ақпараттың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов
1-қосымша
№ |
Кадастрлық нөмірі |
Жер пайдаланушының аты-жөні, тегі |
Жалпы көлемі, га |
Нысаналы мақсаты |
1 |
06-092-030-085 |
Камилов Агабек Камалович |
3 |
шаруа қожалығын жүргізу үшін |
2 |
06-092-030-313 |
Агаев Исмаил Сахаватович |
2 |
шаруа қожалығын жүргізу үшін |
Резервке қойылатын жерлердің тізбесі