«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    Қарабалық к. 2026 жылғы «19» маусым

    «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушының 2026 жылғы «18» мамырдағы № 40/1 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 18 мамыр мен 18 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2025 жылғы шілде - 2026 жылғы маусым.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі - «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) қызметі.

    1. Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

    Талдаудың мақсаты Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және оны жою болып табылады.

    Талдаудың міндеті Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою болып табылады.

    1. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналған ақпарат көздері мыналар болып табылады:

    1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;

    2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;

    3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;

    4) бұдан бұрын мемлекеттік органдардың талдау объектісіне қатысты жүргізген тексерулерінің нәтижелері;

    5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;

    6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;

    7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

    8) жеке іс және заңды тұлғалардың талдау объектісіне қатысты өтініштері;

    9) талдау объектісінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;

    10) бұдан бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері;

    11) талдау объектісінің қызметшілерінен, қызметкерлерінен сауалнама алу (сұхбаттасу) нәтижелері;

    12) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

    1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    1.1. Негізгі функцияларды іске асыру

    Нормативтік база:

    Талдау барысында Бөлімнің қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар зерделенді.

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 158 Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Талдау көрсеткендей, Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Негіздеме: Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауы лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, мемлекеттік мекеме туралы Ережені, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, лауазымдық нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алатындығымен байланысты».

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    2.1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім көрсететін 8 мемлекеттік қызмет саласында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді:

    1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру

    Талдау кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты 4 өтініш қанағаттандырылды, бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ.

    Қызмет ақпараттық сервистер платформасы e-qazyna.kz арқылы көрсетіледі және автоматтандырылған.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ағаштарды кесуге және қайта отырғызуға рұқсат беру

    Талдау кезеңінде қызмет көрсетілген жоқ.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Тұрғын үй сертификаттарын беру

    Талдау кезеңінде қызмет көрсетілген жоқ.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайын энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға дайындық паспортын беру

    Талдау кезеңінде 23 қызмет көрсетілді.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобиль тасымалдарының маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту

    Талдау кезеңінде қызмет көрсетілген жоқ.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау

    Талдау кезеңінде қызмет көрсетілген жоқ.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу

    Талдау кезеңінде қызмет көрсетілген жоқ.

    Мемлекеттік қызметті талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару

    Талдау кезеңінде қызмет көрсетілген жоқ.

    Мемлекеттік қызметтерді талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нақты процестер мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына, стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш берушілерден стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзу және өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері анықталған жоқ. Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты тәуекелдер мен жасырын мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері анықталған жоқ.

    Қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланыс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ e-qazyna.kz ақпараттық сервис платформасы арқылы құжаттарды қабылдау және беру жолымен барынша азайтылған.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.

    Талдау кезеңінде қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ.

    Қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

    Құжаттарды қарау кезеңдерінің көптігі мен қайталануы орын алған жоқ.

    Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жалпыға бірдей танысу үшін мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтіндері, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттары орналастырылған.

    Азаматтар тарапынан мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдар түскен жоқ.

    2.2. Кадр саясаты

    Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

    Персоналды басқару бағыты бойынша ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы басшылыққа алынды.

    Мемлекеттік қызмет:

    Штаттық саны – 4. Нақты саны – 2. Бос лауазымдар – 2.

    Қызметке қабылданғандар – 2 қызметкер.

    Жұмыстан босатылғандар – 3 қызметкер, оның ішінде:

    теріс себептер бойынша – 1 қызметкер.

    Біліктілік талаптарының жинағы уәкілетті органмен келісілген. Мемлекеттік қызметшінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен персоналды басқару қызметімен жарияланады.

    Бөлімде теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер саны – 1. Жүргізілген талдау нәтижесінде барлық қызметкерлердің жеке істерінде арнайы тексеруден өту нәтижелері және заңнамада көзделген шектеулерді қабылдау туралы анықтамалардың бар екендігі анықталды.

    Мемлекеттік қызметшілер 2025 жыл үшін кірістер туралы декларацияларын тапсырды.

    Персоналды басқару қызметін зерделеу барысында келесілер анықталды:

    - бөлім қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы жоқ;

    - жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі (аффилиирленуі) анықталған жоқ;

    -қызметкерлердің ауысуы, жұмыстан босатылуы орын алған – 3 қызметкер;

    - мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық қатынастар анықталған жоқ.

    Қызметкерлерді төмендету фактілері болған жоқ.

    Қызметкерлерге демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    Тәртіптік практика

    Есепті кезеңде тәртіптік жазалар саны – 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері – 1. Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін құқық бұзушылықтар – 0.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) қызметкерлер тарапынан бұзылған жоқ.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлер туралы жағымсыз ақпарат жарияланған жоқ.

    2.3. Қаржылық-шаруашылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және өз функцияларын аудан әкімінің және Бөлім басшысының шешімдері мен өкімдеріне сәйкес орындайды.

    Бөлім аудан әкімінің тиісті нұсқаулары болмайынша мемлекеттік органдар үшін міндетті болып табылатын шешімдерді қабылдамайды.

    Бөлім бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаржыландыру жоспарларының орындалуын есепке алуды, құжаттардың уақытылы және дұрыс рәсімделуін, сондай-ақ жүргізілетін операциялардың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады.

    Активтердің, материалдық құндылықтардың сақталуын оларды сақтау және пайдалану орындарында бақылауды қамтамасыз етеді.

    Жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында бақылауды және көрсетуді, жедел ақпарат ұсынуды, бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті белгіленген мерзімдерде жасауды қамтамасыз етеді.

    Қаржыландыру жоспарларын орындау барысында ұйымдармен және жеке тұлғалармен туындайтын есеп айырысуларды жүргізеді.

    Бөлім қызметкерлеріне еңбекақыны белгіленген мерзімде есептейді және төлейді.

    Бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп-қисаптарды әзірлейді.

    Қазынашылық органдарымен жұмыс жүргізеді.

    Мемлекеттік мекемелердің есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес қаржылық, бухгалтерлік және өзге де есептілік түрлерін белгіленген мерзімде ұсынады.

    Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтайды.

    Қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді.

    Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде техникалық ерекшелікті және мемлекеттік сатып алудың өзге де талаптарын нақты бір өнім берушінің мүддесіне сай қалыптастыру тәуекелі болуы мүмкін. Бұл негізсіз техникалық, біліктілік және мемлекеттік мекеменің объективті қажеттілігімен негізделмеген өзге де талаптарды енгізу арқылы жүзеге асырылуы ықтимал.

    Аталған тәуекелдің іске асырылуы бәсекелестік ортаның шектелуіне, сатып алуға қатысушылардың жекелеген санаттары үшін артықшылықты жағдайлардың қалыптасуына, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің төмендеуіне және сатып алу қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына алып келуі мүмкін.

    Алайда көрсетілген ықтимал тәуекел Бөлімде анықталған жоқ, себебі мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына заңдылықты, ашықтықты және сатып алу рәсімдерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті бақылау жүргізіледі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    2.4. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы

    Бөлім «ОДО» ақпараттық жүйесі арқылы кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді және құжаттарды таратуды жүзеге асырады.

    Кіріс құжаттарды басшылықтың уақытылы қарауын ұйымдастырады, аудан әкімінің қол қоюына ұсынылатын құжаттардың дұрыс рәсімделуіне бақылау жүргізеді.

    Кіріс және шығыс құжаттардың дұрыс рәсімделуіне, сондай-ақ Бөлім қызметкерлерінің «ОДО» ақпараттық жүйесіндегі орындаушылық тәртіпті сақтауына бақылау жасайды.

    Электрондық құжат айналымына көшу арқылы қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуды ұйымдастырады.

    Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар арасында электрондық түрде міндетті түрде жасалуға және алмасуға жататын құжаттар тізбесіне сәйкес (қағаз жеткізгіштерде қайталамай) электрондық істер номенклатурасын енгізеді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ, себебі барлық ақпараттық жүйелер автоматтандырылған.

    2.5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

    Бөлім қағаз жеткізгіште қолма-қол, сондай-ақ ауызша келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, алдын ала қарауды, талдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу «Е-Өтініш» платформасында жүргізіледі.

    Өтініштердің сипатын айқындауды, оларды қарау және жауап дайындау үшін бөлуді жүзеге асырады.

    Бөлім құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетеді.

    Талдау барысында 2025 жылғы шілде айынан 2026 жылғы маусым айына дейін Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 44 өтініш келіп түскені анықталды. Аталған өтініштер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралды.

    Сенім телефоны арқылы Бөлімге өтініштер келіп түскен жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    2.6. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өткізілетін іс-шаралары мен өзге де қызметі туралы барлық ақпарат (ақпараттық сипаттағы және қызмет бағыттары бойынша мақалалар, сондай-ақ іс-шаралар жоспарлары, хабарландырулар, ауданның абаттандырылуы мен көгалдандырылуы, өткізілетін экологиялық акциялар туралы мәліметтер) ресми интернет-ресурстардағы аккаунттарда орналастырылады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    2.7. Бұқаралық ақпарат құралдарына және өзге де ақпарат көздеріне мониторинг жүргізу

    Талдау кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, блог-платформаларға және өзге де интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде Бөлім қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы жарияланымдар анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    2.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері

    Есепті кезеңде Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    2.9. Мемлекеттік аудит нәтижелері

    Есепті кезеңде Бөлімде мемлекеттік аудит жүргізілген жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.

    Қорытынды:

    Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің

    ТКШ, ЖК, АЖ және ТИБ» ММ

    басшының м.а. Г. Кукубаева

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің

    ТКШ, ЖК, АЖ және ТИБ» ММ

    маманының м.а.Е. Савчук

    Қарабалық ауданы

    Қоғамдық кеңесінің мүшесі М. Тулебаев

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Карабалыкского района»
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Карабалыкского района»
    DOCX · 50 КБ
    Жүктеу
    Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Карабалыкского района»
    Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Карабалыкского района»
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 25 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 08 шілде Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қат...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 24 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 01 шілде Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қат...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 23 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 26 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 22 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 18 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 21 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 12 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 20 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 04 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар Қарабалық кенті: Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жай

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жай № р/с Елді мекеннің атауы Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар 1. Қарабалық кенті "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерд...

    Жарияланды: