«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Бас маманның м.а. Елена Владимировна Савчук «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде, 2026 жылғы 18 мамырдан бастап 2026 жылғы 18 маусымға дейінгі бағыттар бойынша қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:
- мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге Қарабалық ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі Максут Мухтарович Тулебаев (келісім бойынша) тартылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен жұмыс нәтижелеріне ішкі талдау жүргізу үшін басшылықты, үйлестіруді және жауапкершілікті өз бақылауыма қалдырамын.
Басшының м.а. Г. Кукубаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарабалық ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі
___________________ М. Тулебаев