Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ЕРЕЖЕ

    ·

    Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 1-11/44 қаулысымен бекітілген

    Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы

    Жас сайлаушылар клубы туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    1. Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

    Осы Ереже Клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

    1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру барысында БААСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
    2. Клуб туралы ереже Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.
    1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
    1. Клубты құрудың мақсаты жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, электоралдық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
    2. Клубтың негізгі міндеттері:
    • жас азаматтардың құқықтық және саяси сауаттылық деңгейін арттыру;
    • Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен таныстыру;
    • жастардың сайлауға, қоғам мен мемлекет өміріне қатысуға деген қызығушылығын дамыту;
    • жастардың азаматтық бастамаларын қолдау және іске асыру.
    1. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары
    1. Клуб қатысушылары – мектеп оқушылары (9–11 сыныптар), колледж студенттері (келісім бойынша).
    2. Клуб қатысушылары Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
    3. Клуб қатысушыларының құқықтары:
    • БААСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар енгізу;
    • Клуб қызметіне қатысты ұсыныстар енгізуге;
    • Клубтың басқа қатысушыларының пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіруге, ол пікір Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
    1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
    1. Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар (семинарлар, тренингтер, дәрістер, пікірталастар және т.б.) түрінде жүзеге асырады.
    2. Клуб отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет БААСК төрағасы тарапынан шақырылады және өткізіледі.
    3. Клубтың қызметін қамтамасыз ететін, іс жүргізуді жүзеге асыратын және отырыстарды дайындауды ұйымдастыратын жұмыс органы БААСК болып табылады.
    • Жұмыс органы:
    • білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасайды;
    • отырыстарды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
    • Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өткізілетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізуден кемінде бес жұмыс күні бұрын хабардар етеді;
    • Клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді.
    1. Қорытынды ережелер
    1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар БААСК қаулысымен енгізіледі.
    2. Клубтың қызметі БААСК төрағасының шешімі бойынша тоқтатылады.
    Жүктеу
    Положение о Клубе молодых избирателей при Баянаульской районной территориальной избирательной комиссии
    Положение о Клубе молодых избирателей при Баянаульской районной территориальной избирательной комиссии
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру тәртібі туралы «Баянауыл ауданы экономикалық нақты сектор бөлімі» ММ халықты хабардар еді

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сәулет–жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарын алу

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Исполнение бюджета ГУ «Отдела реального сектора экономики Баянаульского района» За Май 2026 года «Гражданский бюджет»

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Исполнение бюджета ГУ «Отдела реального сектора экономики Баянаульского района» За Апрель 2026 года «Гражданский бюджет»

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Исполнение бюджета ГУ «Отдела реального сектора экономики Баянаульского района» За Февраль 2026 года «Гражданский бюджет»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Места для встреч кандидатов с избирателями № п/п Наименование города/района Места проведения встреч (наименование объекта, адрес) 1. Баянаульский район КДЦ им С.Торайгырова, с. Баянаул, ул.Сатпаева 49 2. Баянаульский рай...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партиялардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Баянауыл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «29» маусым №147/06 қаулысына қосымша Баянауыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 154/5 қаулысына 1-қосымшасы Баянауыл ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын ор...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерiнiң шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері

    Баянауыл ауданы әкімінің 2026 жылғы «13» мамыр № 4/05шешіміне қосымша Баянауыл ауданы әкімінің2015 жылғы 19 ақпандағы№ 01 шешімінеқосымша Баянауыл ауданы бойынша сайлау учаскелері № 172 сайлау учаскесі Сайлау учаскесі...

    Жарияланды: