Хабарландыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлаймыз.
Жария талқылауды өткізу күні: 2026 жылғы 05 маусым
Өткізу уақыты: 15: 00 сағат Өтетін орны: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою жөніндегі ұсынымдар ұсынылатын болады. Жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдерін талқылауға қатысуға және ұйымның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге шақырамыз.
Ұсыныстар мен ескертулер 2026 жылғы 05 маусымға дейін қабылданады.
Байланыс телефоны: 8 (7142) 546166
Электрондық пошта: [email protected], [email protected]