СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ
ШӨПТІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ
ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Шөптікөл ауылы 2026 жылғы 17 маусым
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №20 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 4 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізілді.
Ішкі талдау «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейінгі қызмет кезеңін қамтыды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Жұмыс тобының құрамы:
- Голикова Алена Андреевна – «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманының міндетін атқарушы;
- Толуспаева Базаргүл Амангелдіқызы – «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ шарт бойынша хатшысы;
- Нұғманов Мейрам Бақытұлы – Қоғамдық кеңестің төрағасы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
- Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СИПАТТАМАЛЫҚ БӨЛІМ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ШӨПТІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ІШКІ ҚҰЖАТТАРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік), ішкі құжаттарда анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
2025 жылғы 8 мамыр мен 2026 жылғы 4 мамыр аралығында ауылдық округ әкімі 22 шешім және 103 өкім қабылдады. Шешімдер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қабылданды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде (регламенттерде, стандарттарда, ережеде, өкімдерде) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢШӨПТІКӨЛАУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
- Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау
Персоналды басқаруға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0(бірлік).
Талданып отырған кезеңнің жағдайы бойынша ауылдық округ әкімі аппараты толық жинақталған, бос лауазымдар жоқ.
2026 жылға арналған штат кестесіне сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды, оның ішінде:
- ауылдық округ әкімі – 1 бірлік;
- бас мамандар – 3 бірлік.
Қызметкерлердің нақты саны 4 адамды құрайды. Бұл ретте бір бас маман 2026 жылғы 9 наурыздан бастап жүктілікке және босануға байланысты демалыста (декреттік демалыста) болып табылады (2026 жылғы 10 наурыздағы №3 өкім).
Талданып отырған кезеңде кадрлардың ауысуы орын алды.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап ауылдық округ әкімі басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды. Ауылдық округ әкімін сайлау қорытындысы бойынша аталған лауазымға жаңа әкім тағайындалып, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап өз міндеттерін орындауға кірісті.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 28 мамырдағы №11 өкім негізінде 2025 жылғы 2 маусымда бас маман зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылды. Бос лауазымға конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша жаңа маман тағайындалып, 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №31 өкімге сәйкес 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап өз міндеттерін орындауға кірісті.
Кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы тексеруден өтпеуіне байланысты аталған қызметкермен еңбек қатынастары 2026 жылғы 24 ақпандағы №1 өкім негізінде 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап тоқтатылды.
Бос лауазымға конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша жаңа маман тағайындалып, 2026 жылғы 9 сәуірдегі №5 өкімге сәйкес 2026 жылғы 9 сәуірден бастап өз міндеттерін орындауға кірісті.
Кандидатты тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптары сақталды: Қазақстан Республикасы заңнамасын және мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуден өтті, сондай-ақ уәкілетті органдар арнайы тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта бас маман лауазымына тағайындауды ресімдеу жұмыстары аяқталу сатысында.
Қызметкерлердің жеке істері, оның ішінде жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімнің, сондай-ақ берілген біліктіліктің болуын растайтын құжаттар (дипломдар) тексерілді. Тексеру барысында барлық қызметкерлердің тиісті салалардың уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні анықталды.
Қызметкерлердің жеке істерінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтамалық есептері бойынша соттылығының жоқтығы туралы анықтамалардың бар екендігі анықталды.
Ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің ешқайсысының қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін соттылығы немесе өтелмеген соттылығы жоқ, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Тәртіптік практиканы мониторингтеу барысында талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері болмағаны анықталды.
Көтермелеу тәжірибесін қолдануға қатысты есепті кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №21-а өкімі негізінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай, 2026 жылғы 3 наурыздағы №12 өкімі негізінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты ауылдық округ әкімі аппаратының әйел қызметкерлері көтермеленді, сондай-ақ 2026 жылғы 4 мамырдағы №21 өкімі негізінде Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аппараттың ер қызметкерлеріне сыйақы берілді.
Тексеру барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау тәуекелі анықталған жоқ.
Басшылық тарапынан артықшылық беру белгілерін, сондай-ақ мемлекеттік орган ішіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерін көрсетуі мүмкін «жоғары» сыйақыларды зерделеу барысында мұндай фактілер анықталған жоқ.
- Мүдделер қақтығысын реттеу
Мүдделер қақтығына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Талдау объектісі қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілері атқарып отырған лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Аппаратта туыстық байланыстары бар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау тәуекелі жоқ.
Жүргізілген талдау барысында ауылдық округ әкімі мен қызметкерлер арасында шиеленіс, теріс уәждер немесе өзге де келеңсіз қатынастар фактілері анықталған жоқ.
Талданып отырған кезеңде аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысы байқалған жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны – 1(бірлік).
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының барлығында әрбір қызметті көрсету мерзімі нақты регламенттелген.
Есепті кезеңде 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ. Бас тарту жағдайлары болған жоқ.
Әкім аппаратының кабинетінде электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат әкімнің ресми интернет-ресурсында және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланады.
Алайда талдау жүргізу барысында жұмыс тобы Шөптікөл ауылдық округі әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар ақпараттың уақтылы орналастырылмайтынын анықтады. Атап айтқанда, талдау жүргізілген сәтте 2026 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне қатысты талдамалық анықтамалар мен есептер орналастырылмаған.
Аталған мән-жайлар мемлекеттік орган қызметінің ашықтық, жариялылық және қолжетімділік қағидаттарының жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегенін көрсетеді, бұл халық үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелінің индикаторы болып табылады.
Ұсыным: Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты талдамалық анықтамаларды, есептерді және өзге де ақпаратты өзектілігі, толықтығы және жариялау мерзімдерінің сақталуы тұрғысынан ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру бойынша қажетті шаралар қабылдауы қажет.
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны — 0 (бірлік).
Рұқсат беру функциялары «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету барысында жүзеге асырылады. Есепті кезең ішінде аталған мемлекеттік қызмет бойынша шешімдер қабылданған жоқ.
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны — 0 (бірлік).
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.
- Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу
Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды бөлуге байланысты анықталған тәуекелдер саны — 0 (бірлік).
Әкім аппаратында 6 бюджеттік бағдарлама іске асырылады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражатты игеру көрсеткіші 100 % құрады.
Талдау жүргізілген кезеңде Шөптікөл ауылдық округі бюджетінің шығыс бөлігі 100 % орындалды. Қаражатты игермей қалу фактілері жоқ.
Салықтар және өзге де міндетті төлемдер уақтылы жүргізіледі.
Есептілік тиісті мемлекеттік органдарға (Статистика басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, экономика және қаржы бөлімі) ұсынылады. Аталған органдар есептілікті талдау және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ бюджеттік қаражаттарды игеру және бөлу рәсімдеріне бақылау жүргізеді.
Барлық есептер тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген белгіленген нысандар бойынша тапсырылады. Бюджеттік және қаржылық қаражаттардың жұмсалуы туралы ақпарат тұрақты түрде электрондық үкімет порталында орналастырылады.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу аппарат қажеттілігіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
- Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты анықталған тәуекелдер саны — 0 (бірлік).
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
2015 жылғы № 434-V ҚРЗ Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. 2025 жылғы 8 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейін барлығы 41 шарт жасалды, оның ішінде: 34 шарт бір көзден алу тәсілімен тікелей жасасу арқылы, 5 шарт өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен, 2 шарт ашық конкурс тәсілімен жасалды.
- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша анықталған тәуекелдер саны — 0 (бірлік).
Әкім аппараты ақпараттық жүйелерді әзірлеуді жүзеге асырмайды. Әкім аппаратының қызметі келесі ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады: e-license, e-Otinish, e-Kyzmet.
Электрондық құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және автоматтандыру электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Қолданыстағы ақпараттық жүйелерге техникалық сүйемелдеу «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) және «Интегро» компаниясы арқылы көрсетіледі.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны — 1 (бірлік).
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініштерді қарау мерзімдері сақталады. Барлық өтініштер «e-Otinish» бірыңғай ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес аптасына екі рет (сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 14:30-дан 17:30-ға дейін) қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы өкім тоқсан сайын шығарылады.
2025 жылғы 8 мамырдан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауылдық округ әкімі аппаратына келіп түскен өтініштер саны – 5 өтініш, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 4 мамырға дейін – 2 өтініш.
Азаматтардың барлық өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралады. Келіп түскен өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, уәжді жауаптар берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру
Ауылдық округ әкімі аппараты халық арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасына бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.
Әлеуметтік желідегі Facebook парақшасында, сондай-ақ WhatsApp мессенджері арқылы ауылдық топтарда (чаттарда) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жадынамалар, ақпараттық материалдар және бейнероликтер тұрақты түрде жарияланып отырады.
Әкім аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындарға қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы ақпарат беру мақсатында ауылдық округ әкімінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бөлімі жұмыс істейді.
Жүргізілген талдау барысында жұмыс тобы қызметкерлердің ұжым ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және дамыту жұмыстарына жеткіліксіз қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шеңберінде негізгі назар сыртқы аудиторияға (тұрғындарға) бағытталатыны, ал қызметкерлер арасында ішкі алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізілмейтіні анықталды. Бұл жағдай қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау мәселелерін формалды түрде қабылдауына ықпал етуі мүмкін.
Ұсыныс: анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында ай сайын әкім аппараты қызметкерлері арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ішкі оқыту іс-шараларын, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, түсіндіру жұмыстарын және сауалнамалар өткізуді ұйымдастыру ұсынылады.
Талдау нәтижелері бойынша талдау объектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу жағдайлары анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жалпы ұсынымдар тізімі:
- Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын 10 күн мерзім ішінде әзірлеу.
- 12 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін Шөптікөл ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-сайтына орналастыру:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-shoptikol?lang=ru
ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Шөптікөл ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы м.а. А.А. Голикова
Шөптікөл ауылдық округі
әкімі аппаратының хатшысы-шарттанушысы Б.А. Толуспаева
Қоғамдық кеңес төрағасы М.Б. Нұғыманов
Таныстым:
Шөптікөл ауылдық округі
әкімінің м.а. Ш.И. Сейсембекова
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне ішкі талдау жүргізу барысында пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер тізбесі:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ туралы ереже, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы №12 қаулысымен бекітілген;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (2015 жылғы 29 желтоқсан);
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (2020 жылғы 29 маусым);
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (2020 жылғы 1 қазан);
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Жер кодексі.
2-қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне ішкі талдау жүргізу барысында пайдаланылған құжаттар тізбесі:
- Қызметкерлердің жеке істері;
- Әкімнің жеке құрам бойынша өкімдері;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар;
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мониторингі бойынша құжаттар;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құжаттар;
- Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар.